2006 жылы 8 ақпанында, кітапхана жанынан "Жыр-Жауһар" поэзия клубы құрылған болатын. Клубтың ашылуы ақиық ақын М.Мақатаевтың 75 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп, құтты өлкедегі қарымды қаламгерлердің басын қосқан еді. Мақсаты – өлең атты мұзарт шыңға қол созған, жауқазын жыр жазуға талпынысы бар жас таланттарды қолдау болып табылатын бұл клуб уақытпен бірге жетіліп, бірге толысып келеді.
2016 жылы қазан айында аталмыш клуб өзінің мерейлі 10 жылдық мерейтойын дүркірете атап өтті.
Клубтың алғашқы іргетасын қалап, қабырғасын құрған жас дарындардың қатарында – А.Мырзахметов, Қ.Медеубаев, Б.Амангелдиев, Н.Түсіпбекова, П.Жұмағұлованың аттары аталса, кейіннен бұл тізім М.Асан, Ж.Жанқашұлы, Р.Қабидолдин, Ж.Әлиман, Ж.Шалқар, Е.Қуатбек, Е.Ақбергенов, Ө.Еділхан, Ж.Байбұланова, А.Рақымжанова, С.Қайырбек, А.Жорабаева, К.Хасен сынды әдебиет әлеміне енді қадам басқан жас өрендермен толықты. Бүгінде бұл ортаға Е.Нарынов, Б.Ноғайбайұлы, П.Жаңғылышбаева, К.Сәулехан, Г.Сайлауқызы, Н.Жексенбай және т.б. бір топ жас толқын қаламгерлер келіп қосылды.
Ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан Ұлы көштің дәуренін салып жүрген "Жыр-Жауһар" поэзия клубының бүгінгі қарқыны көңіл марқайтып, көз қуантады. Клуб мүшелері аймақта өткізілетін барлық әдеби шараларға ат салысып, республикалық, облыстық деңгейдегі мүшәйраларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Баршаға танымал басылым беттерінде ақындардың өлеңдері жиі жарияланып, алғашқы жыр жинақтары да жарық көруде.
Аталмыш клубтың мұрындық болуымен кітапханада көптеген әдеби шаралар өткізіледі. Қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған ақтаңгер жазушылар мен аймаңдай ақындардың мерейтойларын атап өту, жергілікті қаламгерлердің жарық көрген кітаптарының тұсаукесер рәсімдерін өткізу, әртүрлі тақырыптық сайыстар мен мерекелік кештер – мұның барлығы "Жыр-Жауһардың" дәстүрлі түрде ұйымдастыратын іс-шараларының қатарында.
"Жыр-Жауһар" поэзия клубының 2019 жылға арналған жұмыс жоспары
Ақпан
"Өміріммен өтер болды-ау бұл өлең"
(Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай әдеби-сазды кеш)
"Көктемнің мөп-мөлдір тамшысы"
(Ақын, жазушы Серік Сағынтаймен кездесу)
Наурыз
"Армысың, әз Наурыз"
22 наурыз - Наурыз мерекесін тойлау
Сәуір
"Махаббатсыз өмірдің мәні бар ма"
15 сәуір - Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні
(Сауда үйінде "Қозы көрпеш пен Баян сұлу" күнін өткізу)
Мамыр
"Ер есімі – ел есінде"
Н. Әбдіровке 100 жыл
(Ескерткішке гүл қою - (Әскери әндер)
Қыркүйек
"Спортты сүйген жыржауһарлықтар!"
Денсаулық күні
(Жыржауһарлықтар арасындағы спорт турнирі)
"Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ..."
(Қ. Аманжолов- мүшәйра)
Қазан
"Жұлдыздар із тастап кетеді"
(Жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбекке арналған танымдық сағат)
"Жыр жекпе-жегі"
Жастар жылында – жастар күні
(Поэтикалық дуэль)
Қараша
"Жырлайды жүрек"
("Жыр-Жауһар" поэзия клубы Ж. Жабаев
атындағы №7 мектеп гимназиясың филиалында жас)
Клубқа қызығушылық білдірген әр оқырман:
Абонемент бөлімі
Ахмадиева Алмагуль Садуакасовна
56-53-04 телефоны немесе
Жасын ғұмыр – Қасым ғұмыр
Күні кеше Қарағанды қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №92 гимназияда "Жасын ғұмыр – Қасым ғұмыр" атты қалалық қасым оқулары болып өтті. Мектеп оқушылары арасында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл байқауға 100-ге тарта оқушы ат салысты.
Додаға түскен 5-11 сынып оқушылары "Өзге емес, өзім айтам өз жайымда..." (Қасым Аманжолов шығармаларын жатқа оқу), "Жыры қалды жүректе жарқылдаған, Үні қалды құлақта саңқылдаған..." (Қасым өлеңдеріне шығарылған әндерді орындау), "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда..." (өз шығармашылығы) номинациялары бойынша бақ сынасты.
Алғаш рет қолға алынған бастамаға "Қасым" журналы демеушілік жасап, барлық жүлдегерлер мен қатысушыларға сыйлықтар табыстады. Арқаның адуынды ақыны Руслан Нұрбай бастаған "Жыр-Жауһар" поэзия клубының мүшелері: Мирас Асан, Жанат Жаңқашұлы, Алмаз Мырзахмет, Жәнібек Әлиман, Жадыра Байбұланова, Аян Мейраш, Ерік Нарынов, Әділет Шопен сынды бір топ ақындар аталған сайыстың құрметті қонағы ретінде шақырылып, әділқазылық жасады.
Кешке қатысушылар осындай игі шаралар жалғасын тауып, облыстық, республикалық деңгейге көтерілсе деген тілек айтып тарқасты.