Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2 маусым күні сағ.11.00 де ұрпақтар сабақтастығын жалғау. Аға буын мен жас буынның арасында театр өнерінің кешегісі мен бүгінін зерделеу, жалпы театр жөнінде әңгіме өрбітіп оқырмандарға қаламыздағы мәдени ошақтың маңыздылығын насихаттау мақсатында Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық  академиялық қазақ драма театрының 90 жылдық мерейтойына арналған «Арқадағы өнердің Ақсарайы» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Әдеби-сазды кештің құрметті қонақтары С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының басшысы Құрман Өмірбекұлы Қалымов, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі - Кеңес Нарымбайұлы Жұмабеков,  С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының баспасөз хатшысы – Сағат Сыдыққызы Батырхан, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының театрдың режиссері және көркемдік жетекшісі – Айдын Абзалбекұлы Салбанов, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының жас актері – Қуаныш Жаппаров келіп қалың оқырманмен кездесті.

Театр басшысы Құрман Өмірбекұлы өзінің осы салаға қалай келгендігін және «Бала күніңізді кім болуды армандадыңыз?» деген сауалға да іркілмей жауап берді. Қазіргі таңда театр қандай деңгейде екенін және 90 жылдық тарихы бар театрдың алға қойған мақсатын да айқындап айтты. Театрдың ардагер актері Кеңес Нарымбайұлы болса рухани ошақтың іргетасы қаланған күнінен бастап әр жылына тоқталып театр тарихының қандай кезеңдерді бастап кешкенін, өте талантты актерлардан сабақ алғанын, қазіргі жас актерларға көңілінің толатынын ашық айтты. Оқырмандарымыз келген қонақтарға көкейде жүрген сұрақтарын қойып сан-сауалдың мардымды жауабын алды.

Сахнаға Өнер туралы әдебиеттер бөлінің арнайы оқырмандарға дайындаған «Арқадағы өнердің Ақсарайы» атты кітап көрмесі қойылып Балжан Зейнелқызы көрмеде тұрған кітаптарды таныстырып өтті.

Кеште Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің дәстүрлі әншісі Ришат Шабденов және Балалар музыка мектебінің жас түлегі, кітапханамыздың жас оқырманы  Акеева Аяжан әннен шашу шашса, кітапхана іргесінен құрылған 16 жылдық тарихы бар «Жыр-Жауһар» шығармашылық орталығының жас ақыны Еркебұлан Елеусізұлы жауһар жырын оқып кештің көркін кіргізді.

Сазды кеш соңында кітапханамыздың басшысы Дина Базарбайқызы кеш қонақтарын мерейлі мерекелерімен құттықтап, ыстық лебізін білдіріп гүл шоқтарын табыс етті.

Әдеби-сазды кештің толық нұсқасын кітапханамыздың Қарағанды ОӘҒК  facebook парақшасынан көре аласыздар!

 

Орын: Бек Ноғайбайұлы