Қазақтану ілімінің қара нары Ақселеу Сейдімбек жайында Әбдіраш Жарасқанның «Құлпытас» деген эпитафия кітабында мынадай эпиграмма жазыпты:

Бойы бар ерек көрінер!

Ойы бар зерек өрілер!

Жазушы,

әнші

һәм күйші,

саятшы,

ұста,

зергер...

Сөзіне сенсең – осындай,

өзіне сенсең – досыңдай.

Көкпарға түсіп кетпегей,

бәрінің басы қосылмай...

Иә, ол аз ғұмырында Алла тағала берген қабілеттің бәрінің басын біріктірді. Артында аңыз қалды.

Сөзі абызға, өмірі аңызға айналған Ақселеу Сейдімбекке арналған «Арқа даласы - Ақселеу әлемінде» өлкетанулық әдеби-марафоны аясында «Естеліктегі Ақселеу» айдары бойынша 12 шілде күні кезекті онлайн кездесу өтті.

Толығырақ...

Қазақ батыры Ағыбай Қоңырбайұлының 220 жылдық мерейтойына арналған «Ақжолтай Ағыбай батыр» кітап көрмесіне келіңіздер. Көрме 2022 жылдың 15 - 27 шілде аралығында өтеді.

Жазушы Әмен Әзиевтің туғанына 95 жыл.

Журналист, жазушы, Әмен Әзиев – ұлан байтақ Қазақстанның түсті металлургия байлығы, оның игерілу тарихы, Қоңырат пен Балқаш құрылысы жайын көптен зерттеп келе жатқан қаламгеріміздің бірі.  Ғалым Әмен Махатұлы Әзиев 1927 жылы 6 маусымда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданындағы бұрынғы «Оян» деген ауылда дүниеге келген. Оның балалық шағы, өскен ортасы Жамбыл, Қарқаралы ауылдарында өткен. Қарағандыда, Қарқаралыда, Ақтоғайда оқыған. 1950 жылы Қазақ Мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін, ол қазіргі «Жас Алаш» газетінде, Ұлттық ғылым академиясының тіл және әдебиет институтында қызмет істеген.

Толығырақ...

Биыл «Алаш» Қазақ ұлттық-демократиялық партиясының құрылғанына 105 жыл толады. Осы тарихи оқиғаға орай кітапханамыздың оқу залында «Алаш қозғалысы және Қазақ ұлттық идеясы» атты кітап экспозициясы ұйымдастырылды. Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға «Алаш қозғалысы және Қазақ ұлттық идеясы» атты әдеби бейне шолуын ұсынамыз.

Алаш қозғалысы аясында қазақ зиялыларын бір мақсат-мүддеге жұмылдырған ұлттық-демократиялық «Қазақ» газетін шығарып, «Алаш» партиясын құрып, Алаш қайраткерлерінің идеялары мен жүзеге асырған істері бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде жалғасын тапты.

Сіздердің назарларыңызға Алаш қозғалысының басында болған бес арысымыз – ұлтын сүйген ұлы тұлғаларымыз жайлы және қазақ ұлтына сіңірген ерен еңбектерін танытатын «Алаштың бес арысы» атты бейне презентациясын ұсынамыз!