«Ерліктің ерен үлгісі» Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған: библиографиялық жадынама/ Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Ж.С.Шохшина. – Қарағанды, 2022. – 9 б.

Қазақтың арғы-бергі тарихында ерлігімен есте қалып, аты аңызға айналған батыр аналарымыз аз емес. Олар ел шетіне жау келгенде қолдарына найза ұстап, ел ішіне дау келгенде сөз алып, қасқайып ханға дат айтты. Соғыс ұшақтарымен жау аспанын тілгілеп, оқ - қарумен отанын қорғады.Солардың бірі де, бірегейі тарихқа алтын әріппен жазылған есім - Мәншүк Мәметова деп білеміз.

Ендеше, құрметті оқырмандар,қаһарман қазақ қызы Мәншүк Мәметованың туып-өскен жері, білім мен білік жинаған, үлгі-өнеге алған ортасы туралы қызықты да, танымды деректер жинақталған «Ерліктің ерен үлгісі» Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл атты библиографиялық жадынаманы назарларыңызға ұсынамыз.

Көрсеткішті құрастыру барысында облыстық кітапхананың каталогы, ақпараттық-библиографиялық бөлімінің қордағы кітаптары, тарихи – танымдық анықтамалықтар мен тарихи еңбектер, мерзімді басылымдар беттеріндегі деректі мақалалар пайдаланылды.

Жадынама көпшілік оқырманға арналған.