24-25 сәуір күндері Қарағандыда жастардың ғылыми ізденіске деген ынтасын танытатын, тарихи тұлғаның рухани мұрасын жаңғыртатын маңызды басқосу болды.
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Алаш қайраткері, қазақтың тұңғыш математигі, профессор Әлімхан Ермековтің мұрасына арналған «АЛАШTІМЕ» форумы үш бағытта ұйымдастырылды:
- «Жасасын Алаш, Жасасын!» ашық баяндама байқауы. Қатысушылар докторанттар, магистранттар мен ЖОО 3-4 курс студенттері.
- «Quiz Time» интеллектуалды ойыны. Қатысушылар Қарағанды өңірінің колледж студенттері
- «Ә. Ермеков және математика» пәндік олимпиадасы. Қатысушылар Қарағанды қаласы мектептерінің 10-11 сынып оқушылары.
Бұл шаралар жас ұрпақтың тарихи мұраға деген қызығушылығын арттырып, Әлімхан Ермековтің ғылымға қосқан үлесін жаңа қырынан танытуға ықпал етеді.
Қарағанды облыстық кітапханасында Ұлттық кітап күні аясында Президенттік арнайы әдеби сыйлықтың иегері, ақын Жәнібек Әлиманның «Алтын тұңғиық» атты жыр кітабының таныстырылымы өтті.
Жас ақынның кезекті жыр жинағы «Алтын тұңғиық» екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөліміне «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы бойынша Қарағанды аймағы, Арқа топырағынан тамыр тартқан туындылары топтастырылған. Екінші бөліміне махаббат пен өмір туралы өлеңдер енгізілген.
Іс-шараға жазушы, ҚР мәдениет қайраткері, ф.ғ.д, профессор, ҚР мәдениет қайраткері, айтыскер ақын, жазушылар одағының мүшесі Асанов Қойлыбай, ақын, ф.ғ.к., доцент, Қарағанды облысы мәслихатының депутаты А. Ботпайұлы, әнші, композитор, Қарағанды кеншілер мәдениет сарайының басшысы С. Әбдіғали, театр қайраткері, актер, педагог Д. Еспаев т.б. және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-дің филология факультетінің және Қарағанды жоғары политехникалық колледжі студенттері қатысты.
2025 жылғы 28 наурызда Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Цифрландыру дәуірінде кітапхана қорын жинақтау» атты халықаралық онлайн-семинар өтті.
Семинарға Қазақстан мен Ресейден 43 маман қатысты (33 қатысушы Google Meet сервисі арқылы қашықтан, 10 қатысушы офлайн форматта). Қатысушылар арасында кітапхана саласының жетекші мамандары, агрегаторлар мен компания өкілдері болды. Семинар барысында 6 баяндама тыңдалып және презентация қаралды.
Семинар қатысушыларына ҚОӘҒК басшысының орынбасары Г. Н. Умбединова құттықтау сөз арнап, ілтипат білдірді. Ол кітапхана қорларын, әсіресе физикалық тасымалдаушысы жоқ электрондық құжаттарды толықтыру мәселелерінің өзектілігін, сондай-ақ халықаралық және өңіраралық кітапханалық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Семинардың модераторы С. И. Головко спикерлерді таныстырып өтті.
КІТАП ФЕСТИВАЛІ – "Кітаппен кемел болашаққа"
Ұлттық кітап күніне және ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай үлкен кітап мерекесі өтеді!
Күні: 2025 жылдың 23 сәуірі
Уақыты: 11:00
Өтетін орны: Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағы
Бағдарламада:
- «Абайдың ұлы мұрасы» әдеби алаңы
- «Оқы. Бөліс. Шабыттан!» шығармашыл жастар алаңы
- «Есте сақтаймыз! Оқимыз!» поэтикалық марафон
- «Қылқалам ұшында туған жер көрінісі» – OpenPlace
- Guest Reader Photobook: «Фотоға түс – пікір жаз – фотосурет тегін ал!»
- «Қазақстан Жазушылары жастардың проблемалары туралы» әдеби дайджест
- «Кітап оқы да, трендте бол!» – қызықты библио-лото
- «2024 жылдың үздік оқырмандары» – оқырман бенефисі
- «Кітап – ұлттық құндылық» фото аймағы
Шабыт, өнер, әдебиет пен қызыққа толы күнді бірге өткізейік!
Кітаптың күші – болашақты қалыптастырады!
Келіңіздер, күтеміз!
Қарағанды облыстық «SARYARQA» телеарнасында «Ой орда» пікірлесу клубының кезекті отырысы өтті. Бұл жолғы кездесу – қазақ телевизиясының алтын дәуіріне жол салып, алғашқы дикторлардың бірі атанған, еңбек ардагері Майра Ахметованың 100 жылдығына арналды.
Кештің арқауы – «Дикторлық өнердің дара жолы». Арнайы ұйымдастырылған экскурсия барысында клуб мүшелері телеарнаның бай тарихымен танысып, эфир мәдениетінің қалыптасу кезеңіне терең үңілді. Жетекшілік еткен – тележурналист, ҚР Мәдениет қайраткері Әли Тойжігіт.
Экскурсия барысында қатысушыларға өткен ғасырдың 60-70 жылдары қолданылған ескі камералар, микрофондар, радиоқабылдағыштар көрсетіліп, эфир жұмыстарының қалай жүргізілгені жайлы қызықты мәліметтер ұсынылды. Сол жылдардағы техникалық шектеулер, монтаж қиындығы, түсірілім лентасының тапшы кездері, бір хабарды эфирге дайындаудағы үлкен жауапкершілік – бәрі де журналистикаға деген шынайы адалдық пен жанкешті еңбек, әсіресе, дикторлардың дауысы, мәнері мен мәтінді жеткізу мәдениеті – бұл өз алдына бөлек өнер болатынын ортаға салды.