Биыл өңіріміздің ең ірі өнер ордасы Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігі 85 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы мерейтойға орай кітапханамызда «Киелі өнер шаңырағы» атты Арт-кездесу өтті.
Кештің мақсаты: Сарыарқаның іргелі рухани орталықтарының бірі ретінде жасампаз халқымыздың және жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, өнерді өрге сүйреп келе жатқан бұл өнер ордасының шығармашылығымен таныстырып, тарихи маңыздылығын насихаттау.
5 сәуір күні кітапханамызда «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасының деңгейін көтерген көркем сөз шебері, көрнекті жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Төлен Әбдіктің философиялық ойлары» атты көркем оқу кешіөтті.
Кештің мақсаты: Жазушының әдеби мұрасы мен отандық әдебиетті жан-жақты насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау және жастарды адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелеу.
Биыл алаш қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, артына өшпес мол мұра қалдырған қаламгер Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойы. Осыған орай кітапханамызда 10 сәуір күні «Мағжанжыры мәңгілік» атты әдеби - танымдық кеш өтті.
Кештің мақсаты: М.Жұмабаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру, ақын шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке деген таным – біліктілігін шыңдау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Кешке Республикалық әдеби «Қасым» журналының бас редакторы, Жазушылар одағының мүшесі, ақын-жазушы С.Сағынтай, «Bolashaq» академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы М. Серікбайқызы, «Bolashaq» академиясының, «Машина жасау колледжінің» студенттері, №2 «Білім - Инновация» лицей-интернатының және «М.Жұмабаев атындағы №39 Гимназияның» оқушылары қатысты.
Бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындау – бүгінгі күннің басты талабы. Мектеп қабырғасында он бір жыл бойы білім алып, «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққаннан» кейінгі мәселе – болашақ мамандықты таңдау. Бұл жасөспірім өмірінің маңызды кезеңі. Себебі таңдаған мамандығы өмірінің бір бөлшегімен біте қайнасып жатады. Осы тақырыпқа сай 14 сәуір күні кітапханашылар Н. Нұрмақов атындағы мамандырылған мектеп – лицей интернатының https://nurmakov.org.kz 9 сынып оқушыларымен «Мамандық таңдау – маңызды қадам» атты ақпараттық сағат өткізді.
Ақпараттық сағатың мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп, сол бағытқа қарай бағыттау.
26 сәуір күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап кітапханасында «Аймақтық брендингті қалыптастырудағы кітапханалар» атты өңіраралық практикалық семинар өтеді.
Конференцияны Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырады. Семинарға Қазақстан мен Ресей өңірлерінің мамандары қатысады.
Қатысушылар кітапханалардың өңірлік брендингті қалыптастыруға қатысудағы практикалық мәселелерін, өлкетанулық ақпараттық ресурстарды құрастыру мен ілгерілету, кітапханалардың коммуникация орталығы ретіндегі орны мен рөлін талқылайды.
Семинардың екінші бөлімінде библиографиялық оқу құралын жасау технологиясы, электрондық каталог пен веб-ресурстарда кеңейтілген іздеу бойынша практикалық сабақтар өткізіледі. Сонымен қатар, «Квестодел, Surprise Me, Joyteka: веб-квесттерді құрастыруға арналған қызметтер» тренингі ұйымдастырылады.