Құрметті оқырман қауым! Назарларыңызға ҚР-ның халық жазушысы Д.Снегиннің "Бұрынғы Алматыда" атты шығармасын ұсынамыз.
Құрметті кітап сүйер қауым! Өздеріңізге белгілі кітапханамызда жыл бойына қазақтану ілімінің қара нары Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойына арналған «Арқа даласы - Ақселеу әлемінде» өлкетанулық әдеби-марафоны өтуде.
Марафон аясында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Мен оқыдым, Сізге де оқуға кеңес беремін» атты Қарағанды облысының кітапханашылары арасында буктрейлер байқауы жарияланған болатын.
Байқаудың мақсаты – белгілі жазушы, этнограф, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты А.Сейдімбектің өмірі мен қызметін қол жетімді инновациялық нысандары арқылы насихаттау. Кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық потенциалдарын ашып көрсету, жұмыстың дәстүрлі емес жолдарын тауып, жүзеге асыру.
Биыл аңыз-әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып, әншінің есімі Алматы қаласында Республикалық «Қазақконцерт» мемлекеттік ұйымына берілді сонымен қоса, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ғимаратының алдында ескерткіш орнатылды. Көзі тірісінде аты аңызға айналған Роза Тәжібайқызы майдан даласында ән салып, әсем дауысымен бүкіл әлемді тамсандырды.
2020 жылдан бастап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп», «Оқитын колледж« жобалары іске асырылуда. Осы жоба аясында кітапханамыздың өнер туралы әдебиеттер бөлімінің кітапханашылары Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде «Ел еркесі - Роза» атты ақпараттық сағат ұйымдастырды.
Тәуелсіз мемлекеттің негізгі шарты – айналымда өзінің ұлттық валютасының болуы. Биыл біздің Отанымыз өз валютасы - теңгеніңресми түрде айналымға енген уақытын, яғни, 29 жыл толуын атап өтуде. Ең алғаш рет Республиканың ақша бірлігі 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Ол 1993 жылғы 12 қарашада қол қойылған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» ҚР бұрынғы Президентінің №1399 Жарлығымен бекітілді. Сол күннен бастап 15 қараша «Ұлттық валюта – теңге» күні деген атқа ие.
Теңге – мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігі нышандарының бірі. Теңге қолданыс барысында халықаралық нарықта танымалдыққа ие болып, жаңа қоғамдық қатынастардың дамуындағы басты факторлардың біріне айналды.
Тіл – «менің» және әлемнің қосылатын тұсы.
Х.Г. Гадамер
Сүйінші оқырман! Әдебиетіміз тағы бір құнды дүниемен толықты. Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы «Әлемдік әдебиетті қазақ тіліне аудару» арнайы жоба аясында әйгілі италияндық жазушы Марио Пьюзоның «Өкіл әке» кітабын (Қарағанды, 2022 ж.) жарыққа шығарды. Аударманы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, аудармашы, журналист және жазушы Сүйіндік Жанысбай жасады. Кітап 200 данамен басылып шықты.
Әлемдік деңгейде бестселлер аталған Марио Пьюзоның «Өкіл әке» атты кітабы 1969 жылы жарыққа шыққан. Итальяндық мафияның заңдары, жемқорлық, намыс жайлы жазылған бұл кітап 70-ші жылдары-ақ бестселлер болған және көп тілге аударылған. Енді ана тілімізде оқуға мүмкіндік туды.