25 қарашада Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапханалық менеджмент және кадрлық ресурс» атты VІI облыстық кеңейтілген семинар өтті.

Отырысқа орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің директорлары шақырылып, кітапхана саласын кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Семинар модераторы Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК басшысы Д.Б.Аманжолова болды.

Семинар спикерлері Н.В. Гоголь Қарағанды ОӘҒК басшысы, Д.Б. Аманжолова, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының директоры Ғ.К. Нұрғалиева, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.К. Оспанова, ҚР Ұлттық кітапхана директорының кітапхана жұмысы жөніндегі орынбасары А. Х. Юсупова, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Кітапханатану және библиография кафедрасының меңгерушісі Г.И. Нұржанова, Қ.С. Мухамбетчина Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің «Кітапхана ісі» оқытушысы, К.С. Каренов Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының қызмет көрсету саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы.

Отырысты Қарағанды облысының архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.Қ. Жұмакенов ашты.

Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК басшысы Д.Б. Аманжолова «Қазіргі жағдайдағы аймақтың кітапхана кеңістігі» атты баяндамасында өңіріміздегі кітапханалардың атқарылған жұмыстарының жағымды жаңалықтарымен бөлісіп, проблемалық мәселелеріне тоқталды.  

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғ.Қ. Нұрғалиева өз сөзінде келесі мәселелерді көтерді: кітапханаларды жаңғырту,  кітапханашының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өзін-өзі дамыту, кітапханаларда әлеуметтік медиа маркетингкіні (SMM, мобилография) дамыту, кітапханаларға арналған қор ашып инвестиция салу туралы, Сонымен қатар, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Заманауи креативті кітапханашы» базасын ашу қажет екені жайлы ойымен бөлісті.

ZOOM платформасындағы кездесу барысында ҚР Ұлттық кітапхана директоры Б.Қ. Оспанова жалпы Қазақстандағы кітапханалар қадрының жағдайы туралы мәліметтермен бөлісіп, аттестаттау барысында кітапханашының біліктілік санатын көтеру мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Директордың кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Х. Юсупова Қазақстандық Кітапханалық Одақ жайында ақпарат берді.

Сондай-ақ, онлайн кездесу аясында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Кітапханатану және библиография кафедрасының меңгерушісі Г.И. Нұржанова жоғарғы білімді кітапхана кадрларын даярлау мәселелеріне тоқталып, кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы айтты.

Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің «Кітапхана ісі» оқытушысы Қ.С. Мухамбетчина аймағымыздағы кітапханалық-ақпараттық саласы үшін кадрлар даярлау жайында баяндап, өндірістен қол үзбей дуалды білім алу мәселесін көтерді.

Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының қызмет көрсету саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы К.С. Каренов Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасының нормаларын сақтау мәселелері бойынша кеңес берді.

Жалпы отырысқа қатысушылар кітапхана саласын кадрмен қамтамасыз ету, кітапхана ұжымындағы  мәселелерді шешу, кәсіби біліктілікті дамыту жайлы талқылап, шешу жолдарын қарастырды.

Семинарға арнайы коуч, психолог, жеке тиімділік тренері Вадим Мизерницкий шақырылып, ОКЖ басшыларына «Тиімді басқару» атты тренинг өткізді. Тренинг барысында басқарудың ең танымал және тиімді жүйелері: Smart тапсырмаларын қою ережелері, мотивациялық сын, басқарушылық ықпал түрлері, кері байланыс технологиясы тәсілдерімен таныстырылып, практикалық тапсырмаларды орындады.

Бұл мәселелерді шешу үшін семинарға қатысушылар ұсынады:

  1. Республикамызда тегін негізде кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін көтеру институтын немесе курстарын құру мәселесін қарастыру;
  2. Барлық қалаушыларға қолжетімді әрі қашықтықтан оқыту функциясы бар ұлттық кітапханалық веб-портал құру;
  3. Ұлттық кітапханалар базасында кітапхана қызметінің өзекті мәселелері, сонымен қатар қызметкерлерді басқару бойынша семинар мен тренингтарды қайта жаңғырту;
  4. Облыстық кітапханалар Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Кітапханатану және библиография» кафедрасымен, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің «Кітапхана ісі» бөлімімен бірлесе кәсіптік бағдар беру жұмысын іске асыру;
  5. Өндірістен қол үзбей дуалды білім алу мәселесін қарастыру;
  6. Астана қаласында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Кітапханатану және библиография» факультетінің филиалын ашу.
  7. Кітапхана басшылары персоналын басқару жүйесін құру кезінде тиімді басқару әдістерінің жүйесін қолдану.

Семинар соңында қатысушылар шараның маңыздылығын, облыстағы кітапхана саласын кадрмен қамтамасыз ету, аттестаттау барысында кітапхана қызметкерінің біліктілік санатын көтеру, кәсіби біліктілікті дамыту т.б. мәселелер аталып көрсетілген баяндамалардың жоғары деңгейін атап айтты.