ГАВРИЛОВ ИВАН САМСОНОВИЧ
(1912-1944)

Гаврилов Иван Самсонович 1912 жылы Макеев поселкесінде Донецк облысында туған. Соғысқа дейін Қарағанды көмір кенішінде №12 шахтада жұмыс істеді. 1943 жылдан майданда. Кіші сержант, 1318-ші атқыштар полкінің 3- ші атқыштар батальонының атқыштар бөлімінің командирі. 1943 жылы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Днепр өзені үшін ұрыста Гаврилов қайсарлығы және батылдығымен көзге түсті. Днепрдің оң қабағына ұрыспен орналасып, алған плацдармға ие болды. Осы ерлігі үшін 1943 жылы 29-шы қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1944 жылғы қаңтардың 2-де ержүрек солдат қатты жараланып, Киев облысының Ставище кентінің маңындағы госпитальде қайтыс болды. Батырдың есімімен Макеевка қаласында және Ставище кентінде көшелер атанған.

Әдебиеттер:

Гаврилов Иван Самсонович (1912-1944) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанда , 2010. – 83 б.

Гаврилов Иван Самсонович (1912-1944) // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. – 63-64 б.

Гаврилов Иван Самсонович (1912-1944) //  Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 204 б.

Гаврилов Иван Самсонович // Қаhарман қарағандылықтар  = Герои-карагандинцы / бас ред. Г.Ж. Бабулова . – Қарағанды, 2000.- 24-25 б.

Гаврилов Иван Самсонович // Қарағандылық Совет Одағының батырлары = Герои Советского Союза - Карагандинцы. – Қарағанды, 1990. – 16-18 б.    

Гаврилов Иван Самсонович // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары: 2 томдық. / құраст. П.С.Белан, Н.П.Калита. - Алматы, 1969. – 1-т. – 191-192 б.