(1914-1987)
Камалдинов Фарах Гимдеевич 1914 жылы Томск облысының Кривошеин ауданының Нұрқай ауылында туған. Мектепті бітіргеннен кейін тракторшы, моторшы болып істейді. 1934 жылы Кеңес армиясына шақырылды. Отан үшін 1934 жылы Хасан көлі шайқасына, 1939-1940 жылдары фин майданына қатысты. 1940 жылы Мәскеуде жаяу әскер училищесін бітіргеннен кейін, өз өмірін әскери жұмысқа арнады.
Жауынгерлік ерлігі үшін Орталық майдан құрамындағы 13-ші армия, 81 -ші атқыштар дивизиясы, 410-шы атқыштар полкі автоматшылар взводының командирі Камалдиновқа Ленин, Қызыл Ту, I дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендері және медальдары берілді. 1943 жылы Орлов облысының Малоархангельск қаласын қорғады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1943 жылы 27 тамызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1980 жылы аға лейтенант Камалдинов Теміртау қаласында тұрды.
1986 жылы Қарағандыға қоныс аударды.
1987 жылы тамыз айында Ф.Г.Камалдинов қайтыс болды, ол Михайловка зиратында жерленген.
Әдебиеттер:
Камалдинов Фарах Гимдеевич (1914-1987) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 86-87 б.
Камалдинов Фарах Гимдеевич // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. - 104 б.
Камалдинов Фарах Гимдеевич // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-карагандинцы / бас ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 53-54 б.