Бір отбасынан үш апалы-сіңілі өз еріктерімен Қарағандыдан майданға атанды.
Жауынгер авиатор. Қарағандылық елу комсомолец құрбыларының қатарында майданға тіленгендердің бірі. Саратов қаласы маңындағы Вольск әскери училищесінде авиация мотористерінің алты айлық курсын бітіреді. 1942 жылдың қараша айынан Воронеж түбінле193 жеке гвардиялық барлау эскадрильясы құрамында басталған майдандық жолы Польша, Австрия, Чехословакия жерлерін басып өтіп, Германияда аяқталады.Ұлы Жеңісті Берлин түбінде қарсы алады. «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Берлинді азат еткені үшін», «Праганы азат еткені үшін» жауынгерлік медаьдарымен наградталады, майдан даласындағы еорліктері үшлін гвардия сержанты А.Анишенкоға командование атынан төрт рет алғыс жарияланады. 1947 жылы өмірлік серігі, майдандас іріптесі Борис Георгиевич Помилуйкомен бірге Қарағандыға келіп, Кеншілердің мәдениет сарайында оқушылардың іскер қолдар үйірмесінің жетекшісі болып ұзақ жыл еңбек етті. Екі бала тәрбиелеп өсірді. Қызы Елена медбике, ұлы Юрий – дәрігер.
Әдебиеттер:
Агрефина Анищенко // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 5-9 б.
***
Агрефина Анищенко // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 103-105 б.
Анищенко Аграфена Никифоровна // Сактаганова З. Г. Женщины Центрального Казахстана в годы Великой Отечественной войны. 1941-1945 гг.: монография / З. Г. Сактаганова, Ж. Ж. Турсынова, А. Ж. Смагулов; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Государственный университет им. академика Е. А. Букетова, Центр этнокультурных и историко-антропологических исследований. - Караганда: Изд-во КарГУ , 2016. - 227 с.
Участие женщин Центрального Казахстана в Великой Отечественной войне // Вклад женщин Центрального Казахстана в развитие региона (30-90-е годы ХХ века): монография / Б. Т. Тулеуова [и др.]; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Гос. уни-т им. акад. Е. А. Букетова, Научно-исследовательский центр "Тұлғатану". – Караганда: Тенгри, 2016. – 119-122 с.