Әскери ұшқыш. 1942 жылы Саратов облысындағы Вольск қаласындағы авиация училищесін бітіріп, 504 авиациялық шүйілуші полктың атқыш-радисі болып Сталинград шайқасына қатысады. Ил-2 штурмовигімен 19 рет жауынгерлік тапсырмаға ұшып шығады. Котельников станциясы түбіндегі немістердің қарсы шабуылы кезінде жаудың истребителін атып түсіріп, өзі де ауыр жараланады.  Госпитальден шыққан соң елге оралмай 1944 жылдың аяғында 367 барлаушы авиация полкінің «Пе-2» бомбалаушы ұшақтың оқтаушысы болып, жауынгерлік жолын жалғастырады. 732 ұшақты жауынгерлік тапсырмаға әзірлепті. 1-Прибалтика майданының құрамында Шауляйды, Каунасты азат етуге қатысып, 1-Белорус майданы әскерлері қатарында Польша аспаны арқылы Берлинге жол тартады. Қарағандылық қайсар қыз Ұлы Жеңісті жау астанасында қарсы алады. Соғыстан кейін Қарағандыда облыстық атқару және партия комитеттерінде, сонан соң зейнеткерлікке шыққанша Алматы қаласында аупарткомда жауапты қызметтер атқарады. Бірнеше жауынгерлік медальдармен марапатталған.

 Әдебиеттер:

Дәмелі Жәкеева // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 33 б.

 

***

Дамели Жакеева // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 93 б.

Вклад женщин Центрального Казахстана в развитие региона (30-90-е годы ХХ века): монография / Б. Т. Тулеуова [и др.]; Министерство  образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Гос. уни-т им. акад.  Е. А. Букетова, Научно-исследовательский центр "Тұлғатану". - Караганда: Тенгри, 2016. - 313 с.

Жакеева Дамели // Сактаганова З. Г. Женщины Центрального Казахстана в годы Великой Отечественной войны. 1941-1945 гг.: монография / З. Г. Сактаганова, Ж. Ж. Турсынова, А. Ж. Смагулов; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Государственный университет им. академика Е. А. Букетова, Центр этнокультурных и историко-антропологических исследований. - Караганда: Изд-во КарГУ, 2016. - 232 с.

***

Моос О. И. Хранить как благодарность // Индустриальная Караганда. - 2015. - 4 апр. (№ 42/43). - С. 6.

Беркун О. Информация о круглом столе "Героический подвиг женщин-карагандинок в годы Великой Отечественной войны" // Қазақстан мұрағаттары. - 2015. - № 2. - С. 104-106.