Әскери-авиатор, аға сержант. 1942 жылдың көктемінде Саратов облысындағы Вольск авиация училищесіне әскери мамандық алуға аттанған қарағандылық елу комсомолец жауынгер қыздың бірі. Қарағандыда жақсы спортшы ретінде танымал болады. 1938 жылы авиаклубта жарты жылдай жаттығудан өткен. 1942 жылдың желтоқсанында Сталинград түбіндегі сұрапыл соғысқа енеді. 8-ші әуе армиясының 10-авиациялық фотобарлау тобында Кеңес Одағының Батыры атағын алған ұшқыштар Балашов пен Борисов тәрізді қаһармандармен бірге талай ерлікке толы жауынгерлік жолдан өтеді. Сталинградтан Прагаға дейін жетеді. 1945 жылдың күзінде елге жеңіспен оралады. Облыстық прокуратурада органдарында ұзақ жыл жемісті еңбек етеді. 1957 жылы құрметті демалысқа шыққанға дейін Саран қалалық халық соты болып қызмет атқарады.
Әдебиеттер:
Прасковья Гапич // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 57-62 б.
***
Вклад женщин Центрального Казахстана в развитие региона (30-90-е годы ХХ века): монография / Б. Т. Тулеуова [и др.]; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Гос. уни-т им. акад. Е. А. Букетова, Научно-исследовательский центр "Тұлғатану". – Караганда: Тенгри, 2016. - 123 с.
Прасковья Гапич // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 117-121 б.
Сактаганова З. Г. Женщины Центрального Казахстана в годы Великой Отечественной войны. 1941-1945 гг.: монография / З. Г. Сактаганова, Ж. Ж. Турсынова, А. Ж. Смагулов; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Государственный университет им. академика Е. А. Букетова, Центр этнокультурных и историко-антропологических исследований. - Караганда: Изд-во КарГУ , 2016. - 255 с.