Әскери- авиатор. Қазіргі Бұқар жырау ауданы Ботақара поселкесінің тумасы. Өзінің патриот құрбыларындай 1942 жылдың көктемінде әскери комиссариатқа майданға жіберуді сұраған өтініші орындалып, Вольскіде (Саратов облысы) арнаулы курста авиамеханик мамандығын алып шығады. Жауынгерлік жолы Сталинград майданындағы 2-ші истребительдер (кейін 85 гвардиялық) авиаполкінде басталады. Ол Кеңес Одағыынғ Батыры, сайыпқыран ұшқыштар А.Решетов, Н.Выдриган, Ф.Морозовтармен бірге Оң жағалаулы Украина, Қырым, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия жерлерінде жауынгерлік жолдан өтті. Соғыстан соң туған жеріне оралып, ДОСААФ-тың авиаспорт клубында қызмет атқардаы. Оның жолдасы Ю.Верховых бұрынғы ұшқыш. Оларды ұлдары Сергей – байланысшы. Валентина Васильевна «Сталинградты қорғағаны үшін», «Венаны алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» жауынгерлік медальдарымен марапатталды.
Әскери теміржолшы. Осакаров поселкесіндегі №1 орта мектепті бітірген. 1941 жылы өзі тіленіп, майданға сұранады. Әскери комиссариат оны темір жол бойына жібереді. Үміт паровоз кочегарының көмекшісі міндетін атқарып жүргенде өрттің салдарынан ауыр жараланады. Елге қайтып оралған соң арнайы курста оқып, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органында кіші лейтенант шенінде қызмет атқарады. 1960 жылдан сақтық кассаларында жұмыс істеп, зейнетке шығады. Отағасы, Югославия партизандары қатарында болған соғыс ардагері Оспан Шілдебаевпен тұрмыс құрып, төрт бала тәрбиелеп өсірді. «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», басқа да мерекелік медальдармен марапатталған.
Әскери авиатор. Мектеп бітірісімен қарағандылық 50 қыздың қатарында өздері тіленіп майданға аттанғандардың бірі. Вольск (Саратов облысы) қаласында әскери дайындықтан өткенннен кейін Сталинград түбіндегі шайқастарға қатысады. Әуелі 898-ші, кейін 659-шы авиациялық истребитель полкында «ЯК» жойғыш ұшағының 37 мм зеңбірегінің, қос пулеметін оқтаушы жауынгер болып шығады. Сталинград қанды қасабынан басталған жол Австрияның астанасы Вена қаласына дейін жалғасады. Курск-Орел доғасы, Одесса шайқасына қатысады, сонан кейін Румыния, Болгария, Австрия жерлерін азат етуге үлес қосады. Жеңіс күнін Вена түбінде қарсы алады. Ол елге «Жауынгерлік қызметі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Будапешті алғаны үшін», «Белградты азат еткені үшін», «Венаны алғаны үшін», «1941-1945 жж. Германияны жеңгені үшін» медальдарын тағып оралды. Болгарияның «1941-1945 жж. Отан соғысына қатысқаны үшін» медалімен де наградталады. Соғыс аяқталысымен майданда дәм-тұзы жарасқан эскадрилья инженері Н.П. Вишимен Қарағандыға қайтып келеді. Облыстық банкте жұмыс істейді. Екі балалы болады. Немерелер көреді.
№48 санында жарық көрген мақаласы бойынша дайындалған жауынгер қыздар тізімі:
Алексеева Валентина Михайловна(1923 ж.) 1941 жылдың қыркүйегінен 1942 жылдың маусымына дейін ол инфекциялық пойызда медбике, 1943 жылдың желтоқсанынан 1944 жылдың қыркүйегі аралығында № 1539 эвакуациялық госпиталінде мейірбике болды, ал 1945 жылдың ақпан-қыркүйек айлары аралығында НКВД әскери тұтқынында мейірбике қызметін атқарды. II дәрежелі Отан соғысы ордені, Кеңес Армиясының және Жеңістің мерейтойлық медальдары бар.
Антонова Людмила Харитоновна (1923 ж.) 1941 жылы майданға аттанды. Майдан шебінде медбике болды. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, «Әскери қызметі үшін» медальдарымен, он бір мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Бакирова Ольга Яковлевна (1924 ж.т.) 1944 жылдан бастап Львов әскери округінің тарату эвакуациялық орталығының әскери санитарлық пойызының медбикесі болып жұмыс істеді. Ольга Яковлевна жараланған сарбаздарға көмектесіп, Польша, Венгрия, Румыния және Германияны азат етуге қатысты. 1945 жылы аға сержант атағынан босатылды. 1952 жылы Қарағанды қаласына көшіп келді.
Ұлы Отан соғысы кезінде еңбекші халық майданға көмектесудің жаңа жолдарын іздеп, жеңіске тез жетуді ойлағаны белгілі. Барша халықпен қатар Қазақстан əйелдері де жеңіс жолына жан тігіп, бар күшімен тылда еңбек етті. Ер-азаматтар майданға аттанғанда, тылдағы өмірдің бар ауыртпалығы əйелдер мен балалардың мойнына түсті. Əйелдер шаруашылықтың барлық саласында ер адамдардың орнын басты.
Сол бір сұрапыл соғыс жылдарында жеңіс сағатын жақындатуға Қарағанды облысының көміршілері, Балқаш пен Жезқазғанның мыс өндірушілері, алыс аудандардың малшылары мен егіншілері үлкен үлес қосқанын тарих зердесі ешқашан ұмытпайды.
4 бет. Барлығы: 4
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- 3
- 4
- Алға
- Аяқ жағына