2023 жылдың 2 мамырынан бастап кітапханада жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Оқырманға қызмет көрсету бөлімдері әдеттегі тәртіпте жұмыс жасайды.

Әкімшілік

Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңістің аяқталғанына биыл 78 жыл. Бұл жеңіс ұлтымыздың жадында мәңгі қалмақ.

Қарағанды аймағынан 1941-1945 жылдары майданға 45 мыңға жуық жауынгер аттанып, 18 мыңдай боздақ туған топырағына оралмай, майдан даласында, елден жырақта өшпес ерліктің үлгісін танытып, қаза тапты. 34 қарағандылық жауынгер – Кеңес Одағының Батыры жоғары атағын алды. Сол қаһармандарымыздың бірегейі - Мартбек Мамыраев.

Толығырақ...

Құрметті оқырмандар! Назарларыңызға Қазақстанның халық қаһарманы, атақты партизан-жазушы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, артына өшпес мол мұра қалдырған қаламгер Қасым Қайсеновтың 105 жылдығына арналған «Қаһарман ұлы қазақтың»  атты бейне шолуын ұсынамыз.

Биыл  Қазақстанның халық қаһарманы, атақты партизан-жазушы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, артына өшпес мол мұра қалдырған қаламгер Қасым Қайсеновтың 105 жылдық мерейтойы. Осыған орай кітапхананың абонемент бөлімінің қызметкерлері Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік коледжінде 4 мамыр күні «Қаһарман ұлы қазақтың» атты тарихи сағат өткізді.

Кештің мақсаты: Жастарды Қазақ батыры, халық қаһарманы, партизан жазушы Қ. Қайсенов туралы тереңірек таныстыру, Батырдың ерлік істерін ұрпаққа үлгі ету және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан асса да жас ұрпақ майдангерлердің ерлігін ұмытпайды. Әсіресе қазақ жауынгерлері өзінің батылдығымен, қайсарлығымен көзге түсіп, жеңіске жетуге елеулі үлес қосты.

Толығырақ...

Алаш қозғалысы, Алаш мұрасы, Тәуелсіздік идеясы ұғымдары сабақтас, өзара егіз ұғымдар. Қазақтың өзгелермен терезесі тең мемлекет болуын көксеген Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметін бүгінгі ұрпақ бағалап, ұлт жолындағы қызметін өмірлік маңызды бағыты етіп түйсіне алуы қажет. Осы бағытта Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Елін сүйген ерлер партиясының негізін қалаушыларының бірі, ақын, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері, жерлесіміз Махмет Темірұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «Алаш идеясы және кеңестік кезеңдегі жастардың астыртын саяси ұйымдары: тарихи сабақтастық, тұлғалар тағылымы» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 

Толығырақ...