2023 жыл - Түркі елдеріндегі Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланғаны белгілі. 21 ақпан күні ұлтының ұлылығын ұлықтаған, ақтық демі таусылғанша бар болмыс - бітімімен, пәк жүрегінің асыл сенімімен елі мен жерінің өркендеуіне баға жетпес қызмет атқарған ұлы тұлғалардың бірі де бірегейі - Темірбек Қараұлы Жүргенов. Есімі тек қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, «Темір нарком» атанған мемлекет және қоғам қайраткері, қаламы қарымды сыншы, көсемсөз иесінің туғанына 125 жыл толады.

Біздің елде мәдени революция оның есімімен байланысты. Көптеген салаларда ол ізашар болды: ол Қазақстанның Тұңғыш ағарту министрі болды; оның табандылығының арқасында 1934 жылы Алматыда Қазақстанның және бүкіл Орталық Азияның бірден алты ірі жоғары оқу орындарының құрылысы басталды.

Т. Жүргенов мәдениет және өнер мекемелерінің жұмысын қадағалады - Қазақ АССР өнер істері комитетін басқарды. Ол 1936 жылы Мәскеуде қазақ өнері мен әдебиетінің бірінші онкүндігін ұйымдастыруға жауапты болды, онда Қазақстан онкүндігінде Мәскеуде өнер көрсеткеннен кейін Күләш Байсейітова КСРО Халық әртісі атағына ие болды. Ал Темірбек Жүргеновтің өзі Мәскеуде Еңбек Қызыл Ту орденін алды.

Толығырақ...

Көктемнің алғашқы күні - 1 наурызда Қазақстан халқы алғыс айту күнін атап өтеді.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды жаңа мереке «Алғыс айту күні» деп жариялаған еді.

«Алғыс айту күні»  - ұлттық бірлікті, қазақстандық патриотизмді және халықтың әлеуметтік оптимизмін нығайтуға, барша қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігін, достығы мен сүйіспеншілігін көрсетуге ықпал ететін күн.

Толығырақ...

Қазақстан бейнелеу өнері тарихында керемет қолтаңбасы бар, хас суретші Мыңғыш Мәуленұлы Әбілқасовтың туғанына биыл 80 жыл. Осыған орай, кітапханада «Қылқалам шебері» атты сурет-көрмесі қойылды. Көрмеден оқырмандар суретші туралы кітаптар мен газет-журналдарда шыққан мақалалады және Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің қорынан алынған туындыларымен танысып, оқи алады.

Келіңіздер! Көріңіздер!

БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙМЫЗ! БӘРІҢЕ! БӘРІҢЕ! БӘРІҢЕ!

Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның мұрасына арналған «АлашTime» форум – байқауы. Қалыс қалма! Танымыңды кеңейт!

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан мұраларын насихаттау мақсатында 2023 жылдың 12-13 қазан күндері «АлашTime» форум – байқауын өткізеді.

  • «АлашTime» форум - байқауы облыстық байқау форматында өтеді;

  • 18 бен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады;

  • Өтінім мен байқау жұмыстары 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштаға қабылданады;

  • Байқау екі кезең бойынша өтеді;

  • I кезеңде қатысушы 2 өлең ұсынады. Ұсынылған шығармалардың біреуі Әлихан Бөкейхановтың (ұлттық, тарихи, көшбасшылық) тұлғасын ашуға арналады.

    Екінші өлең – еркін тақырыпта.

  • Сұрыптаудан өткен шығармалар ғана ІІ кезеңіне қатысады;

  • ІІ кезеңде қазылар алқасы алдында қатысушы өз шығармаларын жатқа оқиды;

  • Форум-байқау барысында жастар Алаштанушы ғалымдармен рухани байланысқа түсіп, емін-еркін араласуына мүмкіндік болады;

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Ереже

30 наурыз күні Сарыжайлау кинотеатрында «Бұқарекең жырлайды» дәстүрлі Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына арналған жыр-толғауларын оқу мен әнін орындаудан кеш өтті.

Өлкетану әдебиеттері бөлімінің кітапханашылары жыраудың шығармашылығына арналған «Ұлы жырау ұлағаты» атты көрмесін ұйымдастырып, әдеби шолу жасады.

Әдеби шолуда ұлы тұлғаның өскен ортасы, дүние танымы, қайраткерлік көзқарасы, ұстанымы, келбеті, халқына қалдырған тағылымы, тәлімі жайында айтылды.