Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың

«Қарашы Қарағанды күмбезіне,

Бойлаған мұнарасы күн көзіне.

Құрбыжан, қасиетті ол бір, қазына,

Қуантып тартпас, сірә, кімді өзіне?!» – деп жырлаған сүйікті қаласына биыл 89 жыл. 10 ақпан – Қарағанды қаласының туған күні.

Осыған орай, кітапханамызда «Өз өлкеңді білесің бе?» атты квест-викторина ұйымдастырылды.

Толығырақ...

9 ақпан күні кітапханамызда қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілету, жастарды өңірдегі және елдегі еңбек нарығындағы мүмкіндіктер мен қажеттіліктер туралы ақпараттандыру, кәсіптік бағдар беру мақсатында «Кәсіп. Мамандық. Еңбек» атты ақпарат күні өтті.

Шараға Қарағанды қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығының бас мамандары Азамат Жұбайханұлы Төрехан және Дәурен Исқанұлы Қошқарәлиев қатысты.

Бас маман А. Ж.Төрехан Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы, әлеуметтік маңызы жайлы айтып, Болашақ жұмыс орындарымен қамту және оларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау  түрлерімен таныстырды.

Толығырақ...

Қазіргі таңда Қазақстандық қоғам қоғамдық өмірді жаңғыртуға байланысты құндылықтар жүйесінің өзгеруін бастан кешуде. Елдердің халқы әртүрлі сипаттағы және деңгейдегі көші-қон ағындарына тартатын экономикалық, саяси, мәдени салалардағы жаһандану процестері белгілі бір қоғамдардың және тұтастай алғанда бүкіл қоғамдастықтың құрылымдық байланыстарының күрделенуіне әкеледі. Бұл факторлар белгілі бір дәрежеде этносаралық қақтығыстармен бірге жүретін ұлтаралық шиеленісті ынталандырады және осы негізде экстремизм мен терроризм арқылы олар үшін қажетті нәтижеге қол жеткізуге тырысатын әртүрлі оппозициялық топтар пайда бола бастады.

Толығырақ...

Дара талант иесі - Төлен Әбдік: библиографиялық жадынама / Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Ж.С. Шохшина. – Қарағанды, 2023. – 11 б.

Оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи мәдени және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық қатынасты дамыту мақсатында жыл сайын «Бір ел – бір кітап» акциясын жүзеге асырып келеді.

Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысында 2023 жылға қарымды қаламгер Төлен Әбдіктіңшығармаларын оқуғатаңдап алынды.

Танымал жазушы, белсенді қоғам қайраткері Төлен Әбдік қалың оқырмандарға да, әдеби ортаға да кеңінен танымал. Оның талантының ерекшелігі тереңнен толғап, жүректен қозғап жазған шырайлы шығармалары дәлел. Жазушының алғашқы шыққан әңгімелері мен соңғы жазған романдарына дейін, оқырмандардың жүрегіне жол тауып, сүйікті шығармаларына айналды. Төлен Әбдікұлының шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуі, өмірдің мән - мағынасын философиялық тұрғыдан қараумен ерекшеленеді.

Құрметті оқырман! Қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосып келе жатқан парасат майданының сардары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері, жазушы, драматург Төлен Әбдікұлының өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты да, танымды деректер жинақталған «Дара талант иесі – Төлен Әбдік» атты библиографиялық жадынаманы назарларыңызға ұсынамыз.

Толығырақ...

17 ақпан күні кітапханамызда «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасының деңгейін көтерген көркем сөз шебері, көрнекті жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Парасат майданы» кітабының бенефисі өтті.

Аталмыш шараның құрметті қонақтары Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Қарлығаш Мәуенқызы Хамзина, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің Кітапхана ісі бөлімінің оқытушысы Мухамбетчина Қызылгүл Советқызы, Абай атындағы мектеп гимназиясының кітапханашысы Избасарова Айсұлу Қапиятқызы келіп қалың оқырманмен кездесіп «Парасат майданы» кітабы туралы өз ойларымен бөлісті.

Толығырақ...