14 желтоқсан күні кітапханамызда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аясында «Рухани келісім – бейбітшілік кепілі» атты кездесу кеші өтті.

Кешке Қарағанды облысының, мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары Е.М. Нелдібаев, Тарас Шевченко  атындағы «Ріднеслово» украин тілі бірлестігі, «Дакия» Румын мәдени орталығы, Қарағанды облысы корей этномәдени бірлестігі «КИППЫМ» ән-би ансамблі, Тәжік этномәдени орталығы бірлестіктерінің өкілдері және «Қарақат» мектеп-студиясының «Көңіл ашар» ансамблі қатысты.

Кездесу барысында Қарағанды облысының, мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары Е.М. Нелдібаев Тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталып, Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Толығырақ...

2022 жыл елімізде «Балалар жылы» деп жарияланды. Осыған орай, 13 желтоқсан күні С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыс кітапханаларында Балалар жылының қорытындысы бойынша салтанатты рәсім өтті.

Салтанатты рәсімде Балалар жылының қорытындысы және облыстың 2022 жылғы Үздік кітапханаларының байқауы сонымен қатар балаларға арналған Үздік жоба жеңімпаздары анықталды.

Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының атынан ұсынылған:

  • «Үздік оқырмандар» номинациясы бойынша - мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының 9 «А» сынып оқушысы Акеева Аяжан; №27 мектептің 7 «А» сынып оқушысы Егінбай Мәди;
  • «Ең көп оқитын отбасылар» номинациясы бойынша - Инкарбаевтар отбасы (Инкарбаев Сұңғат Сейдикаримұлы (әкесі); Тумабаева Кумис Айтбаевна (анасы);  Сейдікәрім Қарақат Сұңғатқызы(11жас).)
  • «Ең белсенді мектеп» - №27 Жалпы білім беру мектебі Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Толығырақ...

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 14 желтоқсан күні Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік баға жетпес байлық» атты салтанатты жиналыс өтті.

Салтанатты жиналыс кітапхана басшысы Д. Б. Аманжолованың құттықтау сөзімен ашылды, ол Қазақстан Республикасында Тәуелсіздік жылдарында елеулі ауқымды мемлекеттік өзгерістер болғанын және Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадамдарын атап өтті. Кітапхананың жас оқырманы Мандик Дамир «Тәуелсіз Қазақстан» атты өлеңін оқып берді.

Толығырақ...

«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ұсынылды.

Толығырақ...

Құрметті оқырмандар! Жазушы Ғабиден Мұстафиннің   туғанына 120жылдығына арналған «Ғабиден ғаламшары» әдеби бейне шолуымен таныс болыңыздар.