2021 жылдың 17 наурызы күні академик, заң ғылымдарының докторы, профессор Салық Зимановтың 100-жылдығына арналған «Зиманов дәрісі» атты кездесу кеші өтті.

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, заң ғылымының докторы, профессор, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры, академик С. Зимановтың шәкірті Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков кездесу кешінің құрметті қонағы болды.

Кештің мақсаты – жас ұрпақты ұлы ғалым Салық Зиманов туралы мәліметтермен таныстыру. Оның тұлғалық өмірін үлгі және өнеге ету арқылы жастарды білім мен ғылымға тәрбиелеу.

Іс-шара аясында кешіміздің қонағы Н. Дулатбеков мырза ғалым С. Зимановтың еңбектеріне талдау жасай отыра, жас ұрпақты өнегелі өмірді насихаттау арқылы ғылым саласындағы білім мен жетістіктерге жетуге бағыт-бағдар берді. Ұстазы жайлы қызықты да танымды естеліктерімен бөлісіп, жас өренді парасатты, білімді, ұлтжанды болуға үндеді.

 

Сонымен қатар, Нұрлан Орынбасарұлы кездесу мүмкіндігін пайдаланып, болашақ түлектерге жоғары білім алудың жаңа мүмкіндіктерімен бөлісті.

Кітапхана қорындағы әдебиеттерден ұйымдастырылған «Алып тұлғалы ғалым» атты кітап көрмесі арқылы С. Сейфуллин атындағы гимназия, М. Жұмабаев атындағы гимназия, №8 ЖББОМ оқушылары көрнекті ғалымның өмірі мен ғылыми еңбектерімен танысты.

Қарағанды кітапханасында ғалым Салық Зимановтың өмірі мен қызметі туралы баяндалады

Тікелей эфирді Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде көруге болады.