Виртуалды көрмелер – өлкетану бөлімін насихаттауда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану. Виртуалды көрме туралы анықтаманы Н.В.Збаровская «Выставочная деятельность публичных библиотек» (М., 2004) тәжірибелік әдістемелігінде ақпарат берудің «дәстүрлі синтез» (кітаптар арқылы) және жаңа (электронды) тәсілдерін ұсынады.
Виртуалды көрменің дәстүрлі көрмелерден артықшылықтары – сөзсіз басым: көрме материалдарына қол жеткізуде пайдаланушылар үшін уақыт шектеусіз, пайдаланушылар кез-келген уақытта, кез-келген компьютер арқылы қол жеткізе алады.
Виртуалды көрме арқылы пайдаланушылар библиографиялық тізімді, толық мәтінді, басқа да ресурстарды, графикалық бейнелерді табады, көшіріп алуына болады, уақытты үнемдейді.
Виртуалды көрмеге қатынау пайдаланушыларды кітапхананың басқа да ресурстарына назар аударуларына мүмкіндік тудырады.
2002 жылы алғашқы виртуалды көрмені ашқаннан бері кітапхана сайтындағы көрме мүмкіндігі өсті. Қазіргі кезде өлкетану бөлімінің виртуалды көрмесі іс жүзінде тақырыптық және жеке цифрлық топтама тұрғысында.
Облыстық кітапхана әртүрлі қалыптағы, әртүрлі мазмұндағы виртуалды көрмелерді сайтқа орналастырып тұрады. Әрбір көрме пайдаланушыларға пайдалы деп сенеміз.
Сіздерді Виртуалды көрмеге шақырамыз:
Әлихан Бөкейхан - ұлт мақтанышы
Өнегесі көп Өмір аға (Өмір Кәріпұлының 80-жылдығына арналған)
Жазушы Қапан (Қапан Сатыбалдиннің туғанына 100 жыл)
Елін сүйген ердің ізі (Ақын Бүркіт Ыскаков)
Тек жеңіс пен майдан үшін (Ұлы Жеңістің 70 жылдығына)
«Арқаның алтын сандығы» (этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбектің туғанына 70 жыл толуына)
«Старейший исследователь края» (өлкетанушы Леонид Федорович Семенов туғанына 110 жылдығына арналған атты көрмесі)
«Исследователь Великих степей» (өлкетанушы Ю. Г. Поповтың туғанына 75 жыл)
«Саттар жұлдызының сәулесі», «Саттар Ерубаев - журналист, публицист» атты виртуалды әңгіме (Саттар Ерубаевтың туғанына 95 жылдық мерейтойына арналған)
«Үш алып, үш бәйтерек» (Алаш қозғалысының 90 жылдығына арналған)
"Абай в творчестве М.Алиякпарова" (Абайдың 165 жылдық мерейтойына арналған жергілікті суретші, дарынды ғалым, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Мақаш Әлиақпаровтыңтуындысы)
«Қарағанды қаһармандары», «Единство фронта и тыла» (Ұлы Жеңістің 65 жылдығына)
«Писатель шахтерской Караганды» (жазушы Николай Алексеевич Пичугиннің туғанына 120 жыл толуына арналған)
«Сатираның сарабдал сардары» (сықақшы, жазушы, аудармашы Жүсіп Алтайбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған)
«Сарыарқаның сөз сардары» (жазушы Өмір Кәріпұлының 70 жылдық мерейтойына арналған)
«Елдік пен ерлікті жырлаған» (ақын Жеңіс Қашқыновтың туғанына 70 жыл толуына арналған)