Қазақстанның 100 жаңа есімі (Қарағанды облысы бойынша жаңа есімдер): Библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші / Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.- Қарағанды, 2019. – 14 б.

«Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты өзінің бағдарламалық мақаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа жобаны құру қажеттігін атап өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «100 жаңа есім» жобасы ашылды.

«100 жаңа есім» жобасы  - Тәуелсіздіктің қарқынды жылдарында табысқа жеткен әр түрлі аймақтардағы, әр түрлі жастағы және ұлттардағы 100 нақты адамның тарихы. Бұл ұзақ мерзімді жоба және оның маңызды патриоттық мәні бар. Бұл жерде еліміздің әр түрлі нүктелерінен, әр түрлі жас пен ұлттардан, кәсіптерден, заманауи Қазақстанның дамуына өз жетістіктерімен үлес қосқан және өз ісін дамытуды жалғастырып жатқан нақты адамдардың тарихы көрсетілген. Мұндай адамдар өскелең ұрпақ үшін ең жақсы үлгі. Бүгінде жастарды жауапкершілік, мақсаткерлік, іскерлік интеллект сияқты қасиеттерге баулу керек.

Жоба алғаш рет 2017 жылдың маусымында басталды. Жеңімпаздар алты санатта анықталды: спорт, ғылым, мәдениет, қоғам, медицина және бизнес.100esim.el.kz  порталында бүкілхалықтық онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша 2017 жылы 102 жеңімпаз анықталды. Олардың ішінде алты жерлесеміз бар. Олар: учаскелік полиция инспекторы Дәурен Алтаев; ҚР Ұлттық гвардиясының әскери қызметшісі, полковник Қайрат Үмбетов; жоғары санатты хирург Нұрқаси Абатов; профессор, медицина ғылымдарының докторы Роза Әлімханова; жоғары санатты нейрохирург Ғабит Махамбаев; NOMAD MMA аралас жекпе-жек ұлттық стилінің негізін қалаушы Сергей Ан.

2018 жылы 29 қазақстандық жеңімпаз атанды. Олардың қатарында  қарағандылық, спорттық акробатика бойынша әлем чемпионы Никита Амоскин бар.

Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап кітапханасының Өлкетану бөлімі «100 жаңа есім» атты әдебиеттің ұсынымдық көрсеткішін дайындады. Оған жобаның қарағандылық жеңімпаздары туралы мәліметтер енгізілді. «100 жаңа есім» жобасының әрбір қатысушысы жайлы көп мәлімет беруге болады. Бұл басылымда еліміздің дамуына үлес қосқан және барлығымызға үлгі болған атақты қарағандылықтар жайлы сөз болады. Дайындалған материалдың мақсаты – жастар арасында өлкетану әдебиеттерін білуге, өз өлкесінің тарихына қызығатын барлық адамдарға біздің облыстың көрнекті тумалары жайлы білім беру.

Көрсеткішті дайындау барысында «Қарағанды, адамдар, оқиғалар, фактілер» толық мәтінді мәліметтер базасы, электронды каталог, өлкетану және анықтамалық басылымдар бөлімі қоры, интернет ресурстар пайдаланылды.

Әдебиеттің ұсынымдық көрсеткіші: «оқырманға» кіру және әліпби тәртібінде орналасқан персоналдар. Әр атқа өмірбаяндық анықтама және әдебиеттер тізімі берілді. Басылымның соңында әліпбилік персоналдар тізімі қоса берілді.