Табиғат ескерткіштері ғылыми, тарихи немесе мәдени-ағарту және эстетикалық мағына, мән беретін (сарқырама, үңгірлер, сирек кездесетін ағаштар) табиғи нысаналар. Кейде табиғат ескерткіштеріне жекелеген, қорғауға алынған анағұрлым ауқымды, территория алынады. (орман, тоғай, шалғынды  жайылым, таулар т.б.).

Қарағанды облысының аймағында жергілікті деңгейдегі 10 мемлекеттік табиғат ескерткіштері бар, оның 3 («Тихонов қайыңды тоғайы»,  «Биші қайыңдар тоғайы», «Кәдімгі қарағайды отырғызу»)  Мемлекеттік мекеме «Орман және жануарларды қорғау туралы Қарағанды шаруашылығына» бекітілген, 1 ескерткіш («Үйеңкі күймесгүлі») ММ «Орман және жануарларды қорғау туралы Кувский шаруашылығына» бекітілген,  6 табиғат ескерткіші (Шайтанкөл, Бассейн көлі, Үш үңгір немесе алғашқы адамның үңгірі, Үлкен палата, Сібір балқарағайы) Қарқаралы ұлттық паркінің қарамағында.

  1. "Тихонов қайыңды тоғайы" - табиғи тоғай, Бұқаржырау ауданының солтүстік-шығысында, Қарағанды - Теміртау трасса бойында. Жалпы ауданы 10 гектар.
  2. "Кәдімгі қарағайды отырғызу" алғаш рет 1958-1959 жылдары қарағайды қолдан отырғызу басталған, ол Қарағанды орман шаруашылығының аймағына қарайды, 31 квартал, 14-15 бөлшек. Жалпы көлемі 5,7 гектар.
  3. "Биші қайыңдар тоғайы" - тоғай өзінің әдемілігі жағынан сирек кездеседі, Бұқаржырау ауданының Ботақара поселкасында. Жалпы аймағы – 2 гектар.
  4. "Үйеңкі күлмесгүлі" - 1914 жылы отырғызылған. Қарқаралы қаласында Ермеков көшесі, 13 үй жанында, бір ағаш.
  5. "Бассейн көлі" – Қарқаралы қаласынан 4,5 шақырым, солтүстік-батысқа қарай, таулы су қоймасына жатады. «Табиғи су қоймасы ұзынынан созылған төртбұрышты тастан қашалған, жиегі таспен көмкерілген» ванна тәріздес, айналасы бірінен-бірі биік жартастар. Оны үш жағынан тік жартас қоршап тұрса, төртінші жағында – аласа жағалау. Көлдің тереңдігі 5 метр, суы таза. Көлге су көп жиналған кезде ол ернеуінен асып төменге қарай көлге көтерілетін соқпақты бойлап ағады.
  6. "Шайтанкөл" - Қарқаралы қаласының оңтүстік батысында 5 шақырым жерде, Бұғылы тауының теңіз деңгейінен 1200 м биігінде орналасқан.  Бәрі де көлдің өзі де, оның айналасындағы ормандар мен таулар да әдемі және аңыз-әңгімелердегі құпия сырларға толы. Көлге апаратын жол бойы бірде құлама, бірде жазық не шұғыл бұрылыстармен жалғасады. Оған баратын сүрлеуді екінің бірі таба алмайды, көптеген адамдар адасып та кетеді, олар өздерінің кінәсін көлдің жайсыз атынан көреді. Шайтанкөл деген атқа солай ие болған. Шағын көл – ұзындығы 60 м, көлдің ені – 40 м. Қайталанбас сурет, көптеген ақындарға шабыт беріп поэтикалық жолдарды жазуға себепкер болған. Әсіресе ақын Сырбай Мәуленов өз сезімін әсерлі бейнелеген.
  7. Үлкен палата  - Қарқаралы қаласынан солға қарай орналасқан. Бұл – алып тас қалқан арқылы күннен және жауыннан сенімді қорғалған гранит қабырғадағы кең ойпат. Осынау табиғи үңгірдің көлемі айтарлықтай үлкен: ұзындығы – 8-10 метр, ені – 15-20 м ал биіктігі – 4-5 метр. Палатаға бірден 50-60 адам сыйып кетеді. Күмбез астында үлкен дөңбек тастар жатыр. Оған апаратын сүрлеу іздер жіңішке гранит құбырлардың ирелеңін қайталайды. Олардың арасында таңқурай, мойыл кездеседі.
  8. Үш үңгір немесе алғашқы қауым адамы үңгір Мәліксай аңғарында, Қарқаралы қаласынан 3 шақырым жерде. "Бұл гранит плиткаларынан тұратын шағын тасты каньон, оның жер астына апаратын үш жарық саңылауы бар. Шеткі үңгір онша үлкен емес. Оң жақтағы жол табиғи сөрелері бар бөлмеге апарады, ал сол жақтағы жол аласалау ойық арқылы басқа бөлмеге апарады. Бұл өзінше үлкен зал, бір кезде оның ортасына су жиналып, шағын көл болған. Төбесі 3-4 метрлік биіктікте. Бұл жерде қандай ыстық күндерде де қапырықты сезбейсің.
  9. 1947 жылға дейін Мәліксай шатқалындағы үңгірлердің белгілі бір атауы болған жоқ. Қарағанды облыстық музейінің қызметкерлері үңгірлерді аралап көрген кезде үй жануарларының сүйектерімен қырғыштар тауып алған соң жер асты мекендерін жаңа тас және қола дәуіріндегі адамдардың тұрағы деп атап кеткен. Жалпы көлемі 35-40 шаршы метр болатын үш бөлмеге 10-12 адам сыйып кетеді.

Дереккөз:

  • Қарағанды облысы әкімінің №51/02, 4 қазан, 2012 ж қаулысы // Индустриальная Караганда. – 2012.- 24 қараша.
  • Жемчужина Казахстана: Фотоальбом. – Алматы: Қайнар– 1981.– 184 б.
  • Попов Ю.Г. Қарқаралы: Тарихи.географиялық очерк. –Алматы: Қайнар, 1984. – 179 б.
  • www.karkaralinsk-park.kz
  • www.pr-resurs.kz