Ғарышты бағындырушылар мемориалы (23 желтоқсан, 2011, Қарағанды қаласы, Гагарин алаңы) Ескерткіш жергілікті деңгейде

Мемориал – адамзат баласының керемет ерлік істеріне, барлық ұрпақтың қажырлығы мен жеңісіне деген құрметтің белгісі. Ол – ғарышты игеруге Қазақстанның қатысуын және біздің елдің болашаққа деген құлшынысының символы.

Ескерткіштің тұғыры қара гранитпен қапталған бетоннан жасалған, сәнді орбита, жұлдызды сүмбі және скафандрадағы ғарышкердің фигурасы қойылған. Ғарышкердің жиынтық образ.

Монументтің ең жоғарғы жағындағы жұлдыз адамзаттың алдына қойған жоғары мақсатын бейнелейді.

Авторлар: А. Нартов, сәулетші М. Байсбай

Материал: алюминий, тотталмайтын болат, нитротитан, гранит, габбро.

Монументтің жалпы биіктігі 40 м.

Дереккөз: 

  • Амангелдіқызы А.  Еңселі ескерткіш бой көтерді: адамзаттың ғарыш сапарына - 50 жыл // Орталық Қазақстан. - 2011. - 24 желтоқсан (№ 214/215). - 1 б.
  • nsl.inform.kz

Тәуелсіздік монументі (16 желтоқсан 2011, Қарағанды қаласы, Тәуелсіздік алаңы)

Монумент Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына қойылған. Салмағы 16 тонна, табиғи ақ гранитпен қапталған.

Шардың және күннің үстіне қондырылған қыран-бүркіт Тәуелсіздіктің символы бейнелейді.

Стелланың төрт жағында «Тұлпар» орналастырылған, олардың қанаттарының арасы әшекейленіп қасбетіне Қазақстан Республикасының Гербі орналастырылған және Елбасының Тәуелсіздік туралы сөзі жазылған.

Монумент ерекше белгідегі объект. Өйткені ол қазақ халқының Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы көп ғасырлық күресін көрсетеді.

Сонымен қатар ол тек өткенді ғана емес Қазақстан халқының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін, болашаққа деген құлшыныстарын көрсетеді.

Жобаның авторы және сәулетшісі Мұрат Байсбай.

Материал: ақ гранит, металл, алтын.

Монумент биіктігі – 47 м.

Дереккөз:

"Металлургтер" монументі  (2001, Теміртау қаласы, металлургтер алаңы)- ескерткіш жергілікті деңгейде

Монумент Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай ашылған және металлургтердің ерен еңбектеріне арналған.  Ансамбль доминанты биік стелла, ол екі металл тұғырдан тұрады, табанында балқыту кезіндегі металлургтердің фигуралары орнатылған. Сәулеттілігі жағынан мүсіннің кеңістігін сақтап сатылы стереобат сүйеулі қабырғасымен қойылған. Суретші металлугтер еңбегін қиыншылығы мен сұлулығын әдемі динамикасын көрсеткен.

Автор: мүсінші А. П. Билык

Материал: тоттанбайтын болат, қола.

Дереккөз:

  • Иванина Н.И. Художник Билык // Билык А. Жизнь в искусстве: Творческо-биографический альбом. - Караганда, 2009. - с.65-76
  • www.temirtay.org

"Жауынгерлер  даңқы" мемориал комплексі (1970, Қарқаралы қаласы, мәдениет және демалыс паркі) ескерткіш жергілікті деңгейде

Автор солдат анасын қазақ әйелінің бейнесінде – қазақтың ұлттық киімінде – бейнелеген. "1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында қаза болған Қарқаралық – жерлестерге мәңгілік даңқ". Солдат  анасы найзалы винтовкасының жанында тұр. Әйелдің жалпы бейнесі қайғылы түрде берілген. Сонымен қатар өмірдегі ең қымбаттылары – ұлдарының Отанын қорғау жолында ерлікпен қаза болғаны жасытпай қайраттандырып тұрғаны көрінеді.

Автор: А. П. Билык

Материал: бетон, шойын, мәрмәр ұсақ тастары, металл.

Дереккөз:

  • Қарағанды. Қарағанды облысы: эниклопедия.- Алматы, 2008. - 393 бет.
  • Иванина Н.И. Художник Билык // Билык А.Жизнь в искусстве: Творческо-биографический альбом. - Караганда, 2009. - с.65-76

Ағыбай батырға ескерткіш (2007, Балқаш қаласы. Тәуелсіздік алаңы)

Ағыбай Қоңырбайұлы (1802-1885) Шұбыртпалы арғын руынан, Ұлытау етегінде туған. Ол Кенесары ханның сенім серігі және алғашқы әскери кеңесшісі болған.  Кенесары әскері Ағыбайдың қолбасшылығымен патша әскері мен қырғыз манабы Орманғаның отрядын бірнеше рет жеңген. Ағыбай  Балқаштың оңтүстік өңірінде мешіт ашып, ағартушылықпен шұғылданған. Өмірінің соңғы жылдарында Тоқырауын өзені бойында жер шаруашылығымен айналысқан, балық аулауды кәсіп етіп осы іске көпшілікті үйреткен. Ағыбай 1885 жылы Балқаш көлі жағасында Тасарал деген жерде қайтыс болған.  Қазақтың қолбасшысы Сарыарқа мен Бетбақдала түйісіндегі Тайатқан тауында жерленген.

Ескерткіште Ағыбай барлық әскери киімімен, қолында найзасы, ат үстінде келе жатқан кезі бейнеленген. Жалпы композиция классикалық образда берілген, сонымен қатар ұлттық ерекшелік, қазаққа тән динамика сақталған. (сауыт сайман, қару-жарақ, ат-мәзірлері).  Батырдың тек күші ғана емес, рухани парасаты да көрсетілген. Бұл батырдың ат үстіндегі нық және еңселі отырысы мен аттың жүрісінен сезіледі.

Авторлар: мүсінші Ж. Қалиев, суретші Е. Шахиев

Материал: қола, гранит

Дереккөз:

  • Шөженов Ж.  Батыр ескерткіші бой көтереді // Орталық Қазақстан. - 2007. - 3 мамыр. - 4  б.
  • Липовка В. Центр Балхаша украсит бронзовый всадник // Подробности - 2007.- июль