Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш (1 қазан 2011 жыл, Қарағанды қаласы вокзал жанындағы алаң)

Қ. И. Сәтпаев (1899-1964), көрнекті ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, ірі ғалым, ұйымдастырушы. Қазақстан Ғылым академиясының бірінші Президенті. Қарағанды облысында Сәтпаев атындағы қала бар және еліміздің көптеген қалаларында ғылыми мекемелер, көшелер мен мектептер және құрылысын өзі қолдаған Ертіс-Қарағанды каналы оның атымен аталады. Қазақстанның Ұлттық Ғылым Академиясында жаратылыстану ғылымы бойынша Қ. И. Сәтпаев атындағы премья тағайындалған. Сәтпаев деп аталатын әдемі минералдың бар екені ғалымдарға мәлім. Ғарышта күнді айналып жүретін кіші планета да өз атын Сәтбаевтың құрметіне алған.

Сәтбаев бейнесі бір сәт тоқтап, белгіленген мақсатты көруге ұмтылған түрде мәнерлі бейнеленген. Ғалымның қолындағы карта жаңа кен орнын тауып нұрланған кезін айқындайды. Тұлғаның ұлылығын сәл шалқайған басындағы дала желімен толқыған шашы айқындай түседі.

Авторлар: мүсінші  Д. Досмағамбетов және О. Прокопьев.

Материал: қола, қызыл гранит.

Композицияның жалпы биіктігі 14 метр, оның ішінде қоладан құйылған ескерткіштің өз биіктігі – 5,4 метр.

Дереккөз:

  • Балташұлы Е.  Алаш академиясының атасы Арқа төріне орнықты: тәуелсіздік тартулары  // Орталық Қазақстан. - 2011. - 22 қазан (№ 174/175). - 1 б.
  • Мягких О. Ученый, мыслитель, современник: Открытие памятника // Индустриальная Караганда.- 2011- 22 октября
  • www.karaganda-region.kz