Облыстық музыкалық мектептің ғимараты (1948, Жамбыл көшесі, 17) – жергілікті мағыналы архитектуралық ескерткіштердің бірі

Балалардың музыка мектебі 1948 жылы  сәулетші И. И. Бреннердің жобасымен салынған. Бұл Қарағандыдағы ең алғашқы музыкалық ғимараттардың бірі болған, онда музыкалық білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған. Бір-екі қабатты ғимараттың аумағы абаттандырылған. Ғимараттың нақты жобасына тән қасбетті, интерьерлерінің сәулеті қарапайымдылығымен есте қалады.

Мектеп қасбеті бағаналар мен классикалық түрдегі дің маңдайшалармен және сәтті табылған сәйкестемелік қолданылған. Соғыстан кейінгі сұрапыл жылдарға қарамастан сәулетші интерьер сәулетін әшекей төбе салу үлгiсiн және еденді қазақтың ұлттық  оюларымен айшықтау сәтті қолданылған.

Дереккөз: 

"Шалқыма" концерттік залының ғимараты бұрынғы ("Октябрь" кинотеатры) (1939, Костенко көшесі, 7) – тарихи ескерткіш және жергілікті мағыналы архитектуралық ескерткіштердің бірі

Ғимарат, Калмыков және Ритт сәулетшілердің жобасы бойынша салынған тарихи ескерткіш, өйткені 1942 жылдың сәуiрiнде майданға аттану қарсаңында  29-шы дивизияның 77-шi - артиллерия полкінің қаланың еңбекшiлерiмен қоштасуы осында өтті. Архитектуралық ескерткіш ретінде қаланың орталық  ансамблін құрастыруда маңызы зор. Ленин көшесіне тұйықталады.

Дереккөз:

С Сейфуллин атындағы қазақ драма театры (8 желтоқсан 2008 жыл, Бұқар-жырау даңғылы, 27) – жергілікті мағыналы архитектуралық ескерткіштердің бірі

Театрдың ғимараты сәулетші К. Мұсаевтың жобасы бойынша салынған дөңгелек түрдегі қазақтың киіз үйін бейнелейді. Театрды жобалау кезінде Елбасының талап-тілектері ескеріліп, күмбезді аяқтайтын террониканың орнына пирамиданы шыңдауын ұсынды. Көрермен, сахналық және әртістік комплекстердің байланысы ыңғайлы әрі соңғы талаптарға сай. Театр ғимаратының алдында С.Сейфуллиннің еңселі ескерткіші  орнатылған.

Дереккөз:

  • Өндірісі өрлеген, рухы төрлеген өңір //Орталық Қазақстан.-2008 - 10 желтоқсан
  • "Пусть будут мир, согласие и дружба" //Индустриальная Караганда.-2008 - 10 декабря
  • www.karnasledie.kz

К. С. Станиславский атындағы Қарағанды драма театры (1962, Бейбітшілік бульвары, 19) – жергілікті мағыналы архитектуралық ескерткіштердің бірі

К. С. Станиславский атындағы облыстық орыс драма театры 1962 жылы типтік жоба бойынша салынған, оған сәулетшілер Л. Е. Воробьев пен А. М. Лифщиц түзетулер енгізіп, осы заманға сай бейнесін келтірген. Театр ғимараты тұғыр бетке көтерілген, ғимараттың зәулім биіктігі маңайына сән беріп тұр. Бас қасбеттің алты пилондарға бөлінуі ғимараттың сәулетті монументтігімен ерекшеленеді. Ғимараттың көмкерілген бөлігі Қарағанды қаласында алғаш рет  театрлық тақырыпқа сай түрлі-түсті тас кестемен безендірілген. Театрдың ғимаратында К. С. Станиславскийдің ескерткіші  орнатылған.

Дереккөз:

  • Памятники архитектуры и градостроительства Карагандинской области:  Путеводитель. - Караганда,1986. - 39 с.
  • www.karnasledie.kz