К. С. Станиславский атындағы Қарағанды драма театры (1962, Бейбітшілік бульвары, 19) – жергілікті мағыналы архитектуралық ескерткіштердің бірі
К. С. Станиславский атындағы облыстық орыс драма театры 1962 жылы типтік жоба бойынша салынған, оған сәулетшілер Л. Е. Воробьев пен А. М. Лифщиц түзетулер енгізіп, осы заманға сай бейнесін келтірген. Театр ғимараты тұғыр бетке көтерілген, ғимараттың зәулім биіктігі маңайына сән беріп тұр. Бас қасбеттің алты пилондарға бөлінуі ғимараттың сәулетті монументтігімен ерекшеленеді. Ғимараттың көмкерілген бөлігі Қарағанды қаласында алғаш рет театрлық тақырыпқа сай түрлі-түсті тас кестемен безендірілген. Театрдың ғимаратында К. С. Станиславскийдің ескерткіші орнатылған.
Дереккөз:
- Памятники архитектуры и градостроительства Карагандинской области: Путеводитель. - Караганда,1986. - 39 с.
- www.karnasledie.kz