Н. Әбдіров атындағы спорт сарайының ғимараты (1958, Бұқар-Жырау даңғылы, 53) – жергілікті мағынадағы архитектуралық ескерткіштердің бірі

Н. Әбдіров атындағы спорт сарайы сәулетші И. И. Райкиннің жобасы бойынша салынды. Үш қабатты спорт Сарайы Бұқар-Жырау даңғылына шығады және өзінің басты қасбетімен Нүркен Әбдіров даңғылына тұйықталады.

Ең маңызды қала алаңдарын құруда ғимараттың мәні зор. Сарайдың ғимараты жай монументалды үлгіде шешіліп, негізгі фасад керамикалық тақташалармен оюлап әшекейленген, фойе, мәрмәрмен өңделген, екінші қабаты жалпыға ортақ баспалдақпен байланыстырылған. Екінші қабатта орналасқан көпшілік іс-шараларға арналған залға үлкен металлдық әшекей әйнектерден жарық түсіріледі, төбесі және мұнараның жоғарғы бөлігі ойып жасалған оюмен безендірілген, сарайдың ғимараты кірпіштен қаланып, терразитті сылақпен өңделген.

Дереккөз:

  • Памятники архитектуры и градостроительства Карагандинской области: Путеводитель. - Караганда, 1986.-39с.
  • www.karnasledie.kz