2024 жылдың 22 қазан күні С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының кіші залында Қазақстан кітапханашылардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға кітапхана ісінің ардагерлері, облыстық кітапханалар мен Қарағанды облысының орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің басшылары мен кітапханашылары қатысты.

Театр фойесінде «Біздің таңдауымыз - белсенді демалыс» атты ерекше фото-көрме безендірілді.

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.Қ.Жұмакеновтың құттықтау сөзін басқарманың мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы А.Т.Есмағанбетова оқып берді. Кітапханалардың қоғамның рухани өмірін дамытудағы рөлі, оқудың маңызы, кітап байлығын сақтау туралы танымды сөздер айтылды. Құттықтауда кітапханалар жаңа ақпараттық кеңістік құруға белсене қатысып, іс-шараларды жаңа форматтарда ұйымдастырудағы маңызы туралы тілге тиек етілген.

Сондай-ақ, кітапханашыларды, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қарағанды облысы әкімінің, Қарағанды облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен, Қазақстан кітапхана одағының, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері» кәсіподақ одағының, Қарағанды облыстық филиалының марапаттарымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Марапатталғандардың арасында біздің әріптестеріміз де бар:

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Алғыс хатымен өлкетану бөлімінің кітапханашысы - Ешанова Әлия Мұқатайқызы;

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Құрмет грамотасымен өнер туралы әдебиеттер бөлімінің кітапханашысы - Шевченко Элина Васильевна;

Қазақстан кітапхана одағының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің кітапханашысы - Копбаева Мақпал Елемболқызы;

Қазақстандық салалық кәсіптік одағының, Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің «Еңбек даңқы» құрмет белгісімен басшының орынбасары - Умбединова Гаухар Нұрланқызы;

Қазақстандық салалық кәсіптік одағының, Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Қарағанды филиалының Алғыс хатымен - Үйсембаева Саягүл Жақыпқызы марапатталды.

Биыл Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тағайындаған «Қаланың орталықтандырылған кітапхана жүйесінің үздік кітапханасы» номинациясымен - Саран қаласының Орталық кітапханасы және «Ауданның орталықтандырылған кітапхана жүйесінің үздік кітапханасы» номинациясымен - Абай ауданының Орталық кітапханасы марапатталды.

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының әртістері кітапханашыларды музыкалық нөмірлермен құттықтады.

Сахнада кәсіби мамандармен қатар кітапханашылар, облыстық ОКҚ өкілдері де өнер көрсетті. Саран ОҚЖ кітапханашыларының орындауындағы «Кітапханашылар» әнімен, Саран ОҚЖ кітапханашысы Е.Ю. Свиридованың, М.Әуезов атындағы Қарағанды ОҚЖ кітапханашысы А.А. Жаңабайдың, Шет ОҚЖ және Балқаш ОКЖ кітапханашыларын театрландыру және Қарағайлы кенті кітапханашыларының қуыршақ қойылымынан үзіндісі көрермен ықылысына бөленді.

Іс-шара соңында Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының атынан музыкалық құттықтаулар айтылды.

Барлық кітапханашыларды кәсіби мерекелерімен тағы да құттықтаймыз, ең алдымен мықты денсаулық, бақыт, отбасылық амандық тілейміз! Талапты оқырмандар мен өмірлік игіліктер және бейбітшілік тілейміз!

 

Ғылыми хатшы Пак В.И.