17 қазан күні кітапханамызда қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Ә.Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналған «Әдебиет әлемінің абызы» атты әдеби кеші өтті.

Кештің мақсаты: қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармашылық мұрасын насихаттау, оның қаламынан шыққан туындыларды жаңа буын өкілдеріне таныстыру. Жастарды парасаттылыққа, өз-ойын еркін жеткізуге, ойлау қабілетін арттыру, тіл байлығын байыту. 

Қаламгердің ғұмыр жолына қарап отырып, ұлт тарихының өткен ғасырдағы тұтас тарауларын көруге болады. Ә.Нұрпейісов бала күнінде қаншама қиындықтарды, ашаршылық сияқты зобалаңдарды басынан өткерді. Он сегізге толар-толмас шағында соғысқа аттанды. Осының бәрі кейін жазушының шығармашылығына арқау болды. Жазушының қаламынан туған дүниелер – қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған қымбат қазына.

Әдеби кешіміздің шымылдығын Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенті «Сазсырнай» аспабында А.Нұрисламның орындауында Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың әні "Желсіз түнде жарық ай" әнімен ашты.

Кешке «Bolashaq» академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы М.Х.Хамзин қатысып,  қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығы жайында әңгімелеп, көптеген естеліктерімен бөлісіп, әдебиет жолындағы еңбектеріне,  мағлұматтар берді.

Қазақстан Республикасының суретшілер одағының мүшесі, суретші М.Т.Сәбитбекқызы қаламгердің портретін суреттеуде үлкен шеберлік танытқан суретші. Қарымды қаламгердің өмірлік ұстанымын, кеңпейілділігін адалдығы мен парасаттылығы туралы айтып естеліктерімен бөлісті.

Кеш барысында Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенттері Ә.Нұрпейісовтің "Қан мен тер" романындағы  басты кейіпкер Еламаннның ішкі монологынан қойылым көрсетті. Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің   «Кітапхана ісі» бөлімінің    студенті Анар Адамбай «Соңғы парыз» кітабы бойынша монологын оқыды. Сонымен қатар оқырмандарға «Теңіздей толқыған қаламгер»  атты кітап көрмесі ұсынылды.

https://youtu.be/4bHNPRG5Gmo?si=oQmk6t59lX6TdTis

 

Абонемент бөлімінің жаңа қызмет нысандары секторының басшысы Ж.М.Зарубекова