Биыл Даңқ орденінің толық иегері, Қарағанды облысының Құрметті азаматы Камали Жұматайұлы Дүйсембековтың туғанына 100 жыл

Дүйсембеков Қамали 1924 жылы Бұқар жырау ауданындағы Ақбастау аулының жанындағы Өртен-Жал, Жанбас-бұлақ ауылы дүниеге келген. 

1939-1942 жылдары Қарағанды қаласының №1 кірпіш зауытында жұмыс істейді.

1942 жылы Мәскеу түбіндегі ұрысқа қатысады. 1944 жылы Севастополь жанындағы Сапун тауында ауыр жараланып, госпитальға түседі. Жазылған соң, ол елге оралады..

1944-1946 жылдары Ворошиловск аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.

1946 жылдан бастап «Карагандажилстрой» кірпіш зауыты директорының орынбасары болды. Сол жылы Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы насихатшылар мектебін аяқтады.

1946-1950 жылдары Жезқазған аудандық партия комитетінің штаттық насихаттаушысы, 1950-1951 жылдары Қарағанды облысы Ворошиловск аудандық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі болды.

1951-1952 жылдары Алматы қаласындағы Қазақстан Компартиясының ОК жанындағы жоғары партия мектебінде оқыды.

1953-1960 жылдары Жаңаарқа аудандық партия комитетінің хатшысы, 1965-1980 жылдары Шет аудандық партия комитетінің 1-хатшысы қызметін атқарды.

1980-1985 жылдары Жезқазған облыстық партия комитетінің баспа, полиграфия, кітап саудасы істері бойынша облыстық басқармасының бастығы болды.

1985 жылы зейнеткерлікке шығады.

Дүйсембеков К. «Даңқ» орденінің толық иегері, майдандағы ерліктері үшін 1 және 2 дәрежелі «Отан соғысы», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Қырымды босатқаны үшін», «Севостопольді алғаны үшін» медальдарымен марапатталған. «Октябрь революциясы», «Еңбек қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерінің және «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері. Ұлы Жеңістің 60-жылдығы құрметіне, Ұлы Отан соғысы кезінде Отан алдындағы зор еңбегі, қаланың коғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін 2005 жылдың 30 сәуірінде «Қарағанды қаласының

Құрметті азаматы» атағы берілген. 2017 жылы «Қарағанды облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Қарағанды қаласындағы бұрынғы Волочаевский көшесі К. Дүйсембековтың атына берілді (2020).

Әдебиеттер:

Дүйсембеков К. Ж. Құнды өсиет=Бесценный завет Сарыарқа - менің тағдырым = Сарыарка - моя судьба: Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған / Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының Хатшылығы "Литуаника" қоғамдық бірлестігі, Қарағанды облысының ҚХА ғылыми-сараптама тобы. - Қарағанды: ТАиС, 2015. - 20-23 б.

***

Дүйсембеков К. Абзал азамат еді...//Орталық Қазақстан.-2015.-24 қазан.-3 б.

Дүйсембеков К. Ел көңілі және ер // Орталық Қазақстан.- 2016.-16 қаңтар (№ 9/10).- 4 б.

Дүйсембеков К. Жетпіс жыл өткен соң... : «Даңқ» орденінің I және II дәрежесінің иегері ардагер К. Дүйсембековпен әңгіме / әңгімелескен А. Несіпбай // Егемен Қазақстан. - 2015. - 8 мамыр (№ 86). - 10 б.

Дүйсембеков К. Өресі биік, өнегесі көп Бәкең еді // Орталық Қазақстан. - 2010. - 10 тамыз (№ 127). - 3 б

Дүйсембеков К. Сүйкімді азамат // Орталық Қазақстан. - 2008. - 26 сәуір (№66-67). - 4 б.

Дүйсембеков К. Тау асардай талабы бар еді // Азия транзит. - 2007. - №7/8. - 80-81 б. 

Камали Дүйсембеков туралы әдебиеттер:

Дүйсембеков Камали Жұматайұлы // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 220 б.

Дүйсембеков Камали Жұматайұлы // Жаңаарқа: энциклопедия. - Алматы: Темірқазық, 2009. - 188 б.

Дүйсембеков Камали Жұматайұлы // Шет ауданы: энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы: ҚазАқпарат, 2013. - 154 б.

***

Әбілдинов Қ. Өшпес даңқ // Орталық Қазақстан. - 2010. - 24 сәуір (№ 62/63). - 3 б.

Зинчук Д. Ғұмыр бойы алдыңғы қатарда // Орталық Қазақстан.-2004.-25 желтоқсан.-4 б.

Жанысбай С. Қайыспаған қарт жауынгер // Орталық Қазақстан. - 2011. - 7 мамыр (№ 71/72). - 4 б.

Жумкин Б. Тау тұлғалы Кәмекең // Орталық Қазақстан. - 2014. - 17 сәуір (№ 70/71).- 3 б.

Дүйсембеков К. Жетпіс жыл өткен соң... Даңқ орденінің I және II дәрежесінің иегері ардагер К. Дүйсембековпен әңгіме / әңгімелескен А. Несіпбай // Егемен Қазақстан. - 2015. - 8 мамыр (№ 86). - 10 б.

Парасатты пайым түйіндері // Орталық Қазақстан. - 2015. - 7 мамыр (№ 76/77). - 14 б.

Суханберлин О. Майдан даласынан басталған достық // Орталық Қазақстан. - 2015. - 11 сәуір (№ 58/59). - 5 б.

Несіпбай А. Майдан даласында жайылған дастарқан // Орталық Қазақстан. - 2017. - 10 қаңтар (№ 3). - 6 б.

Қарамандаев Қ. Даңқ орденінің толық иегерлері // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл. - 2016. - № 10. - 8-12 б ; № 1. - 8-12 б.

Оспанова Қ. Қарағанды облысы.Облыстық Мәслихат. «Қарағанды облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы // Орталық Қазақстан. - 2017. - 23 желтоқсан (№ 142). - 4 б.

Камали Жұматайұлы Дүйсембеков // Орталық Қазақстан. - 2018. - 3 ақпан (№ 14). - 7 б.

Серіков Ж. Өткен күннен белгі бар // Орталық Қазақстан. - 2018. - 17 шілде (№ 77).- 5 б.

Мүсілімов Қ. Тұғыры биік таутұлға // Орталық Қазақстан. - 2019. - 24 қаңтар (№ 88 б.

Жұмкеұлы Б. Ерлігі мен еңбегі ел есінде // Орталық Қазақстан. - 2019. - 9 мамыр (№ 49). - 6 б.

Жұмкин Б. Арқаның арда азаматы//Орталық Қазақстан.-2019.-26 желтоқсан.-3 б.

Дүйсембеков М. Есімі ел есінде // Орталық Қазақстан. - 2020. - 26 желтоқсан (№ 142). - 9 б.