Биыл ақын Бүркіт Ибрагимұлы Ысқақовтың туғанына 4 қарашада 100 жыл толады
Ақын, ғалым, филология ғылымының кандидаты Бүркіт Ысқақов 1924 жылы 4 қарашада Қарағанды облысының, Нұра ауданына қарасты «Көкмөлдір» деген жерде туған. Ол жастайынан қиялшыл, арманшыл болған екен. Зерек жас ел аузындағы қисса дастандарды зейін қоя тыңдап, жаттап алып жүреді. Соның әсері болса керек, кейін өзі де өлең шығара бастайды. Оның ең алғашқы өлеңі «Ана туралы жыр» деп аталады. Одан соң «Қарағанды комсомолы» газетінде әр түрлі тақырыпқа жазған өлеңдері жарық көре бастайды. Сондай өлеңдерінің бірі ақынның туған жерге арнаған «Көкмөлдір» деген жыры.
Б.Ысқақовтың шығармашылық өмірге кең құлаш ұруы 1940 жылы Қарағанды мұғалімдер институтына түсуінен басталады. Сол жылдары жазған өлеңдері «Советтік Қарағанды», «Қарағанды комсомолы» газеттерінде үзбей жарияланып тұрады да, оқуын бітірген соң 1942 жылы «Советтік Карағанды» газетіне қызметке келеді. Сол жылы әскерге алынып, соғысқа аттанады.
1946 жылы еліне жеңіспен оралған жауынгер ақын еңбек жолын бұрынғы өзі істеген газетте жалғастырады да, көп ұзамай, Алматыға барып, «Пионер», «Білім және еңбек» журналында, «Лениншіл жас» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарады.
1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, Ғылым Академиясының аспиратурасына түседі.
Бүркіт Ысқақов саяси көзқарасы үшін қудалауға ұшырады. Айыптау үкіметінде Б.Ысқақовтың ертеректе «Жас қалам» үйірмесі мен «ЕСЕП-ке» (елін сүйген ерлер партиясы) қатысына қосымша, «Үндістан» деген өлеңді С.Сейфуллиннің «Азия», І.Жансүгіровтың «Гималай» өлеңдеріне еліктеп жазғансың деп кінәлаған. Содан 1951 жылы жаппай қуғын-сүргін тұсында «Үкіметке қарсы үгіт жүргізіп жүр» деген жаламен жазықсыз жазаланып, 25 жылға бас еркінен айырылады.
Лагерьде, тозақ отының төрінде жер қазып, шаң жұтып, шаршап–шалдығып, титықтап жүрсе де өлеңді қоймайды, өлең-жыр өңешінен түйдік-түйдік құйылды. Ол қазақ поэзиясында «Тұтқын жыры», «Лагерьдегі өлеңдер» деп аталатын поэзияның жаңа түрін бастады. Ұлы соғыстың оты мен суығынан аман оралған ақын қапаста көрген қайғы-қасіретін бүркемей, бүкіл үнімен шырқап жүрді. «Тас өзеннің ызғары» өлеңдер циклі оқырманның ойынан шыққан дүние.
Қапаста бес жыл қасірет шеккен Б. Ысқақов КСРО Жоғарғы сотының 1956 жылы 20 қарашадағы қаулысы бойынша толық ақталып, еркін өмірге оралды да, сүйікті кәсібін жалғастырды. Журналистика, әдебиет, ғылым саласында жемісті қызмет атқарды. Қазақ СССР Ғылым Академиясының М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болды.
Академик М.Қаратаев «Ақындарымыздың абақтыда отырып жазған өлеңдері бізге жеткен жоқ, сол олқылықтың орнын олардың ақын ұрпағы – Б. Ысқақовтың жырлары толтырғандай. Оның бұл өлеңдерінен Сәкеннің сыры, Бейімбеттің мұңы, Ілиястың үні естілгендей болады» деген.
Ал, Мұхтар Құл-Мұхаммед - «Бүркіт Ысқақов- Ұлы Отан соғысы жылдарында қолына қару алып, кеңестік жүйені, коммунистік идеяны қорғаса да сталиндік құйыртқы саясаттың құрығына көп ілінген, көп зәбір-жапа шеккен азамат. Ағамыз 1951-53 жылдардағы «Космополотизм мен ұлтшыл-буржуазияшылдарға қарсы күрес» деген ұранмен жүргізілген репрессия тырнағына түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраған Е.Бекмаханов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайыловтармен бірге тұтқындалып, Жезқазған өңіріндегі әйгілі «Степлагке» айдалған. 50-жылдары Қазақстанның Жоғары оқу орындарында оқитын бір топ жастар сталиндік тоталитарлық жүйеге қарсы «ЕСЕП», яғни «елін сүйген ерлер партиясын” құрады. Партияның іс-әрекеті ел ішіне кең тарамаса да, 37-нің ызғары басылмай тұрған сәтте мұндай әрекетке барудың өзі ерлікпен пара-пар дүние болатын. Жалпы отандық тарих пен саясаттану ғылымында 50-жылдардағы репрессия тарихы мен сол кездегі қуғын-сүргінге ұшыраған қайраткерлердің өмірбаяны әлі толық зерттеліп біткен жоқ» [1, 38],-деп жазады.
Ақынның шығармалары 1938 жылдан бастады. Тұңғыш өлеңдер жинағы – «Сенің Отаның» 1958 жылы шықты. Қарағандылықтардың еңбектегі ерлігі жырланатын «Москваны тыңдаймын», «Жылдар жырлайды», «Шабыт шуағы», «Әлемнің әлегі», «Өлеңді жылдар», «Шындық дауысы» атты поэзиялық жинақтардың, «Қазыналы Қарағанды», «Арқаның алып жүрегі», «Нұрлы Нұра бойында» көркем очерктердің авторы.
Б.Ысқақов аудармашы ретінде де белгілі. Ол А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, В.В. Маяковский, И. Франко, Н. Хикмет, С. Вургун тағы да басқа авторлардың шығармаларын қазақ тіліне аударуға қатысқан.
Ал, әдеби зерттеу саласында «Қазақ–татар әдеби байланысы», «Қазақ-башқұрт әдебиет қатынастары тарихынан» атты монографиялардың авторы. Оның құрастыруымен «Орта Азия Қазақстанның ұлы ғалымдары» атты көлемді кітап жарық көрді.
Бүркіт Ысқақовтың өлеңмен жазған «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» деген аңызы бойынша 1966 жылы қазақтың тұңғыш мультфильмі жасалды. Оның досы Әмен Әбжанұлы Хайдаровтың тұңғыш жасап шығарған «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфилмі бүгінгі күні әлемнің 48 елінде көрсетілген. Ол алғаш рет Ленинградта өткен ІІІ Бүкілодақтық кинофестивальде марапатталса, 1975 жылы Нью-Йоркте өткен Халықаралық кинофестивальде қола Праксиноскопқа ие болған
Бүркіт Ысқақов Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысы орденінің, көптеген жауынгерлік медальдардың иегері болып, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Бүркіт Ысқақов – әдебиетіміздегі іргелі қаламгер. Оның қаламынан туған туындылар оның өз заманының үні болғанын танытардай, әрі көркемдік бояуы қанық ерекше туындылар санатында. Сондақтан да болашағының бағдарын, кешегісі мен бүгінгісінің салмағын даралап та саралайтын ұрпақ үшін Бүркіт Ысқақовтың шығармашылық мұрасын тану уақыт мінберінде тұрған мәселе.
Нұра ауданында Бүркіт Ысқақов атындағыаудандық орталық кітапхана, мектеп, көше бар.
1991 жылы қайтыс болды.
Әдебиеттер:
Лермонтов Ю. «Жыла! Жыла! «Израильдің ұрпағы…» /Ауд. Б.Ысқақов // Таңдамалы. Екі томдық. Өлеңдер, шағын поэмалар. Т. 1.- Алматы, 1977.- 315 б.
Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары, (ІХ-ХІХ ғасырлар) /Құр. Б.Ысқақов.- Алматы: Қазмембас, 1964.- 302 б.
Пушкин А. Алдаса егер сені өмір: Өлең /Ауд. Б.Ысқақов // Таңдамалы шығармалар. Т. 1.- Алматы, 1975.- 132 б.
Ысқақов Б. Атаның сөзі - ақылдың көзі: жинақ / Б. Ысқақов; алғы сөз авт. М. Дүйсенов. - Алматы: Абзал-Ай, 2014. - 107 б.
Ысқақов Б. Әлемнің әлегі: Мектеп сахнасына лайқталған бір актілі пьесалар мен ән-өлеңдер.- Алматы: Өнер, 1987.- 120 б.
Ысқақов Б. Бұл менің көз жасым ғой қан аралас: өлеңдер / Б. Ысқақов; идея авт. Н. О. Дулатбеков. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2014. - 94 б.
Ысқақов Б. Бұлттағы бұлақ: өлеңдер, балладалар / Б. Ысқақов. - Алматы: Жазушы, 1992. - 256 б.
Ысқақов Б. Бір аруға // Нұра ақындары. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2008. – 46-62 б.
Ысқақов Б. Көкмөлдір. Жылқышы // Жыр маржаны: он томдық қазақ поэзиясының антологиясы / құраст.: М. Құлкенов, Г. Мұқышева. - Алматы : Мереке, 2014. - 3 т.– 366-369 б.
Ысқақов Б. Қазақ татар әдеби байланысы / Б. Ысқақов ; ред. С. С. Қирабаев. - Алматы: Ғылым, 1976. - 175 б.
Ысқақов Б. Қарлығаштың құйрығы неге айыр // Қазақ балалар поэмасының антологиясы / құраст. Г. Қажыбаева. - Алматы : Арда, 2011. - 128 б.
Ысқақов Б. Өлеңді жырлар: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1988.- 144 б.
Ысқақов Б. Сәбит Дөнентаевтың ақындық жолы / Б. Ысқақов; ред. Е. Ысмайылов. - Алматы: Мектеп, 1966. - 207 б.
Ысқақов Б. Тас еденнің ызғары // Шындық дауысы: Өлеңдер мен поэмалар /Ж.Сыздықов, Ш.Мусин, Н.Ахметбеков, Б.Ысқақов.- Алматы: Жазушы, 1990.- 138-205 б.
Ысқақов Б. Теміртау // Шапағат таңы: жыр жинағы / құраст. О. Асқар; ред. Б. Ысқақов. - Алматы: Жазушы, 1989. – 30-32 б.
Ысқақов Б. Халық ақындармен әңгімелескенде // Ақындар жыры: қазіргі халық поэзиясы. - Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1963. – 178-185 б.
Ысқақов Б. Шабыт шуағы: Өлеңдер, поэма.- Алматы: Жазушы, 1984.- 88 б.
Ысқақов Б. Шығармалары; Қарағанды облысының әкімдігі. - Астана: Фолиант, 2014. - 296 б. - (Сарыарқа кітапханасы).
***
Ысқақов Б. Агроном // Социалистік Қазақстан. - 1950. - 16 июль (№ 154). - 3 б.
Ысқақов Б. Ағартушы ақын: /Ақмоланың туғанына 150 жыл толуына/ Орталық Қазақстан.- 1981.- 5 қар.
Ысқақов Б. Батыр мен ер // Әдебиет және искусство. - 1948. - № 9. - 50 б.
Ысқақов Б. Батыр мен ер // Социалистік Қазақстан. - 1948. - 18 авг. (№ 164). - 3 б.
Ысқақов Б. Бесжылдықтың перзенті // Әдебиет және искусство. - 1949. - № 1. - 45 б.
Ысқақов Б. Жар жыры // Лениншіл жас. - 1947. - 15 янв. (№ 5). - 4 б.
Ысқақов Б. Жас шахтер // Лениншіл жас. - 1949. - 7 окт. (№ 94). - 3 б.
Ысқақов Б. Жұлдыз // Социалистік Қазақстан. - 1949. - 10 май (№ 90). - 4 б.
Ысқақов Б. Комсомол билеті // Социалистік Қазақстан. - 1948. - 29 окт. (№ 215). - 3 б.
Ысқақов Б. Көк мөлдір // Советтік Қарағанды. - 1962. - 8 август (№ 187). - 3 б.
Ысқақов Б. Күлкісіз күндер, ұйқысыз түндер: Тағдыр // Орталық Қазақстан.- 1989.- 13, 14, 15, 17 қаз.
Ысқақов Б. Қанатты қиял // Социалистік Қазақстан. - 1949. - 17 июль (№ 138). - 2 б.
Ысқақов Б. Қарлагтан – Степлагқа // Орталық Қазақстан.- 1990.- 4, 5, 6, 7, 8 сәуір
Ысқақов Б. Қос жұлдыз // Әдебиет және искусство. - 1949. - № 4. - 60 б.
Ысқақов Б. Менің қалам: /Қарағандының тарихы/ // Орталық Қазақстан.- 1989.- 11, 12 қаңт.
Ысқақов Б. Нақақ тұтқынның наразылығы: Өлеңдер // Орталық Қазақстан.- 1994.- 5 қар.
Ысқақов Б. Октябрь құрдасы // Социалистік Қазақстан. - 1947. - 22 окт. (№ 208). - 3 б.
Ысқақов Б. Совет танкі // Социалистік Қазақстан. - 1950. - 10 сент. (№ 202). - 3 б.
Ысқақов Б. Соғыс құмарларға // Лениншіл жас. - 1950. - 1 май (№ 52). - 2 б.
Ысқақов Б. Халық ақыны Қайып: Қ.Айнабековтің туғанына 105 жыл // Орталық Қазақстан. - 1990. - 1 қараша.
Бүркіт Ысқақов туралы әдебиеттер:
Абақтыдағы жан сөзі: түрмеде жазылған жырлар антологиясы. - Нұр-Сұлтан: Алашорда, 2021. - 557 б.
Әлімбаев Д. Кенші жыры: өлеңдер, толғаулар, ертегі, айтыстар / Әлімбаев, Д.; құраст. С.Негимов, Б.Ысқақов.- Алматы: Жазушы, 1986.- 136 б.
Бексейіт С. Қыран қиясында қанаттанғандар // Бексейіт С. Ел мен ер: публицистика, деректі проза, библиография. - Қарағанды: TENGRI, 2018. – 20-34 б.
Жасынан қалам ұстаған // Балалар бағының бағбандары: анықтамалық / құраст. Ш. Күмісбайұлы. - Алматы: Балалар әдебиеті, 2008. – 290-292 б.
Жұмағұлов С. Ысқақов Бүркіт // Әлихан Бөкейхан: энциклопедия / ред. Ж. Тойбаева; құраст. Ғ. Жандыбаев [и др.]; алғы сөз авт. Е. Тілешов. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2018. - 734 б.
Қапаста жазылған хаттар: Жала құрбандарының жырлары / Ред. Е.Дүйсенбаев.- Алматы: Жалын, 1992.- 150 б.
Несіпбай А. Жағасында Нұраның, жер бар аты – «Көкмөлдір» // Айналдым, Нұра атыңнан!: [жинақ] / құраст. А. Несіпбай. - Астана: Жасыл Орда, 2018. – 73-78 б.
Үмбетова А. Қ. Бүркіт Ысқақовтың шығармашылық мұрасы: автореферат. - Астана: [б. ж.], 2009. - 24 б.
Ысқақов Бүркіт (1924-1990) // Майдангер қаламгер: анықтамалық / Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитеті, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. - Алматы: Олжа, 2010. – 129-131 б.
Ысқақов Бүркіт // Әдеби Қарағанды: Библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші / Қарағанды обл. ғылыми-әмбебап кітапханасы; Құраст.: Г.Н.Умбединова.- Қарағанды: б.ж., 2000.- 89 б.-(Облыстық кітапхана-өлкетану орталығы)
Ысқақов Бүркіт // Қазақстан жазушылары: анықтамалық: 75 жыл / құраст. С. Қамшыгер. - Алматы: Ан Арыс, 2009. - 445 б.
Ысқақов Бүркіт // Қарағанды. Қарағанды облысы. Энциклопедия.- Алматы, 1990.-602 б.
Ысқақов Бүркіт // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 561 б.
Ысқақов Бүркіт // Нұра ауданының энциклопедиясы: энциклопедия. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2008. - 138 б.
Ысқақов Бүркіт // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анықтамалық.- Алматы, 1987.- 713-714 б.
Ысқақов Бүркіт // Тоқтарбай Е. Түрме әдебиеті: тарихы, кезеңдері және өкілдері: монография / Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылыми кеңесі,"Алаш" мәдениет және рухани даму инситуты ұсынған. - Нұр-Сұлтан: Алашорда, 2021. – 126 б.
***
Азаттықты аңсаған // Нұра.- Киевка, 2008.- 12 қаңтар
Ахметов Д. Азаттықты аңсаған: /Ақын Б. Ысқақовтың өлеңдері/ // Нұра.- 1999.- 25 желтоқсан
Әкімбекқызы Ә. Нұра ауданының 80 жылдығына арналады // Нұра. - 2008. - 22 наурыз (№ 12). - 3 б.
Әлиман Ж. Алаш жолында, азаттық қамында... // Орталық Қазақстан. - 2019. - 2 қараша. (№ 122). - 8 б.
Әскеев М. Дарынды ақын // Жаңа жол. - 1993. - 24 шілде. - 3 б.
Әсіпұлы С. Елін сүйген ердің ізі // Егемен Қазақстан.- 2005.- 1 ақпан.-5 б.
Балташұлы Е. Жалындаған ғұмыр, жарқылдаған жырлар // Түркістан. - 2014. - 27 наурыз (№ 12). - 10 б; Нұра. - 18 наурыз, 2022 жыл (№12-13). - 5 б.
Елін сүйген ердің ізі // Нұра. - 2022. - 27 қазан (№ 45). - 3 б.
Жағыпар Ә. ЕСЕП - еркіндік қарлығаштары // Орталық Қазақстан. - 2021. - 29 мамыр (№ 56). - 6 б.
Жанғожин А Майдан мен тылдың жауынгерлік сапында 40-жылдар // Орталық Қазақстан.- 2001.-13 маусым
Жанысбай С. Шындық үшін шырылдаған // Орталық Қазақстан.- 1994.- 17 қараша – 2 б.
Имаш Е. Жүрген жерінде ізі қалған // Орталық Қазақстан. - 2002.- 19 маусым
Құдышұлы О. Азап шеккен азаматтар: /А.Нәрешев, Р.Нәрешев, Б.Ысқақов, М.Теміров, М.Азанбаев, Ж.Қалиевтер туралы/ // Орталық Қазақстан.- 1989.- 12 ақпан
Құдышұлы О. Азаттықты аңсап өткен азамат // Орталық Қазақстан. - 1994.- 5 қараша
Құдышұлы О. Қиядан қарайтын қыран еді // Орталық Қазақстан. - 1999.- 5 қараша.– 8 б.
Лұқпан Е. Ғабиденнен Ғаббасқа дейін // Орталық Қазақстан.- 2006.- 2,9,10,12,19,26,30 қыркүйек.-3 б.
Мұстафина С. А. Белгілі ақын, әдебиетші ғалым Бүркіт Ысқақовқа 90 жыл // Нұра. - 2014. - 23 тамыз (№ 34). - 5 б.
Накупова Н. Әділ істің арты игі // Нұра. - 2021. - 4 маусым (№ 22). - 6 б.
Оразбай Е. Елдің ерін іздеген өрен // Нұра. - 2022. - 11 тамыз (№ 34). - 4 б.
Өмірбек Ж. Шындық үшін шырылдаған // Орталық Қазақстан. - 1994. - 10 желтоқсан
Өмірбекұлы Ж. Қайсар ақын, тынымсыз ғалым // Орталық Қазақстан.- 1994.- 10 желтоқсан
Райханова Ж. Ақын есімі кітапханаға берілді // Орталық Қазақстан. - 2021. - 1 маусым (№ 57). - 4 б.
Сәулебекова А. Нұралық ақиық ақын // Нұра.- 1999.- 4 желтоқсан
Серікбаева С. Бүркіттану кабинеті ашылды // Нұра. - 2021. - 25 қыркүйек (№ 38). - 4 б.
Смайыл Е. Алаш идеясы және «ЕСЕП» партиясы // Нұра.- 2022.- 22 қаңтар (№ 4).- 3,7 б.
Темірұлы А. Азаттық аңсап азап шеккендер // Азия транзит. - 2006. - № 9/10. - 49-53 б.
Темірұлы М. «Алаш» идеясы және «Есеп» партиясы: жазушы М. Темірұлымен сұхбат / сұхбаттасқан Е. Смайыл // Қазақстан ZАМАN. - 2016. - 17 наурыз (№ 11/12). - 14 б.
Темірұлы М. Азаттық аңсап азап шеккендер // Азия транзит. - 2006. - № 9/10. - 49-53 б.
Темірұлы М. Ақын, ғалым Бүркіт Ысқақовты еске алу кеші // Нұра.- Киевка, 2006.- 11 қараша
Темірұлы М. Алаш идеясы және "Есеп" партиясы: Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі М.Темірұлымен сұхбат / сұхбаттасқан Е.Смайыл // Егемен Қазақстан. - 2011. - 23 ақпан (№ 55/58). - 6 б.
Темірұлы М. Елі үшін туған ер еді. // Орталық Қазақстан.- 2001.-27 қаңтар
Темірұлы М. Елім деп еңіреп туған ер еді // Орт.Қазақстан.- 2004.- 6 қараша.-8 б., Азия Транзит.- Қарағaнды, 2004.- N10-11.-30-33 б.; Нұра. - 2008. - 21 маусым (№25). - 3 б.
Ұлт ұраншысы // Орталық Қазақстан. - 2014. - 8 қараша (№ 215/216). - 8 б.