Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға мерейлі 100 жыл толып отырған «Ақиқат» ұлттық қоғамдық – саяси журналының жарнамасын ұсынамыз.
Назарларыңызға кезекті шеберлік сағатын ұсынамыз - "Тосын сыйы бар қорапша"
Құрметті оқырмандар! Назарларыңызға 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған өлкетану әдебиеті бөлімінің дайындаған «Елбасы және Қарағанды» атты бейне шолуын ұсынамыз.
2021 жылғы 1 желтоқсанда қазақстандықтар мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты мереке ерекше маңызға ие болды.
Мереке күнін таңдаудың тарихи алғы шарты мен негізі 1991 жылғы 1 желтоқсанда болған оқиға болды. Алғашқы бүкіл халықтық сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Президенті лауазымына қайта сайланды.
1991 жылы халық басты және стратегиялық басымдықтары мен ұлттық бірлікті, барлық азаматтар үшін ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесін тануды, белгілеген Президентті таңдады.
2011 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» және «ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Бұл күн Нұрсұлтан Назарбаевтың Республика алдындағы ерен еңбегін атап өту және мойындау мақсатында бекітілді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс –шаралар жоспарын іске асыру аясында Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы «Елбасы ұраны – мәңгілік Ел» атты иллюстративті кітап көрмесін ұйымдастырды.