Кітапханаға жастарды тарту бойынша іске асырылған ашық байқау өз мәресіне жетті.

Бұл шара Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 90-жылдық мерейтой аясында  жүзеге асты.

Байқаудың мақсаты - кітапханаға жастарды тарту бойынша үздік тәжірибелерді анықтау және танымал ету.

Байқауға Қазақстанның 11 облысынан 43 шығармашылық жобалар ұсынылды. Атап айтсақ, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Қарағандыдан қатысып, қазылар алқасының бірінші отырысының шешімі бойынша 22 қатысушы финалға жолдама алған болатын.

Оның ішінде облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық кітапханашылармен қатар, Ұлытау облысының оқырманы, әдебиет жанашыры қатысты.

 

Байқауға қатысушылардың жұмысын қазылар алқасы -– Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының басшысы Б. Уатаева (қазылар алқасының төрағасы); Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапхана басшысының орынбасары Г. Умбединова, Теміртау қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы А. Алькеева бағалады.

Финал барысында 22 қатысушының ішінде Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының ОКЖ кітапханашысы А.Х. Бейсова жобасын қорғаудан бас тартты. Яғни, 21 қатысушының 16-сы Google Meet сервисі арқылы онлайн режимінде және 5 қатысушы офлайн түрде жобаларын қорғады.

Қатысушылар ұсынылған жобалары арқылы елімізде жастарды кітапханаға тарту мақсатында іске асырылып жатқан жаңа идеялармен таныстырды. Атап айтар болсақ, кітап оқуға құштарлығын арттыру, кітап оқитын ортаны қалыптастыру мақсатында:

  • «Дарабоз» (Ақтөбе обл. Н.Жәлелова); «Әдеби орындық» (Батыс Қазақстан обл., А.Джумалиева); «Кітапханамен бірге» (Қарағанды обл., С.Исина), «Оқитын дос іздеймін» (Ақтөбе обл., А.Асылханова); «LITE-FRESH» (Павлодар обл., А.Кадирова); «Меркурий» спикерлік клубы (Батыс Қазақстан обл., Н.Тимиргалиева).

Жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында:

  • «Жас жалын» (Қостанай обл., Қ.Тасбулатова); «Жас ақындармен сырласу» (Батыс Қазақстан обл., Ж.Ниярова); «ART-STUDIO» (Павлодар обл., М.Таженова).

Сондай-ақ әр түрлі тақырыпты қамтыған жобалар ұсынылды:

  • Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге бағытталған жоба «Ұлттық құндылықтар - 21 ғасыр кітапханасында» (Шығыс Қазақстан обл., Т.Башай);
  • Жастарды IT технологиялар арқылы кітап оқуға тарту жобасы «Новые технологии – современный читатель» (Шығыс Қазақстан обл., Р.Бабиров);
  • Ағылшын тілін үйрену мақсатында «Чеширский кот, five o`clock и другие» (Батыс Қазақстан обл., А.Зубенко);
  •  Серіктестікті дамыту жобасы  «Оқитын ұжым» (Қарағанды обл., Б.Мұхаметжанова);
  • Онлайн жобалар «BOOK WORLD» (Қарағанды обл., Е. Кельмялите) және «#ОқыЖәнеЖең» (Қостанай обл., Б.Джумалиева);
  •  Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жоба «Birgemiz» (Атырау обл., Қ.Сабирова);
  •  Ауылдық кітапханалардағы жобалар «Ойлы оқырман ауылда» (Қарағанды обл., А.Нұрахметов), «Qadam»  (Ұлытау обл., Д.Төлеуов), «Мен оқыған бір кітап» (Батыс Қазақстан обл., Ж.Сарсенгалиева);
  • Жылжымалы жоба «KITAP TAXI» (Ұлытау обл., Ж.Ыбырайхан);
  • Өлкетанулық жоба «Наш край» (Солтүстік Қазақстан обл., К.Калимбетова).

Қазылар алқасы бағалау барысында жобалардың өзектілігі, мазмұнының толықтығы мен ашуы, жоба аясындағы іс-шаралардың бірегейлігі, серіктес ұйымдардың қатысу дәрежесі және жоба аясында қандай нәтижелерге жеткеніне аса назар аударды.

Байқау қорытындысы бойынша Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан кітапханаға жастарды тарту бойынша қызықты және перспективалы жобалар анықталып, қазылар алқасының шешімімен келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:

  • Бас жүлде - «Новые технологии – современный читатель» жобасы үшін Шығыс Қазақстан облысы, Оралхан Бөкей атын. ОКЖ кітапханашысы Р. Бабиров;
  • 1 дәрежелі Диплом - «Оқитын ұжым»  жобасы үшін Қарағанды облысы, Балқаш қ. ОКЖ басшысы Б. Мұхаметжанова;
  • 2 дәрежелі Диплом - «Qadam» жобасы үшін Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының Қарағаш ауылдық кітапханасының оқырманы Д.Төлеуов;

-                3 дәрежелі Диплом «ART-STUDIO» жобасы үшін С.Торайғыров атын. Павлодар ОӘҒК-ның  жастар бағдарламаларын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің басшысы М. Таженова және «BOOK WORLD» жобасы үшін Қарағанды облысы, Шахтинск  қ. ОКЖ кітапханашысы Е. Кельмялите;

Сондай-ақ, Арнайы диплом иегерлері:

  • «Мен оқыған бір кітап» жобасы үшін Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық ОКЖ кітапханашысы Ж.Сарсенгалиева;
  • «Меркурий» спикерлер клубы жобасы үшін Ж.Молдағалиев атын. Батыс Қазақстан ОӘҒК кітапханашысы Н.Тимиргалиева;
  • «Жас жалын» жобасы үшін Қостанай қ. Н.Островский атын. ОҚК кітапханашысы Қ.Тасбулатова;
  • «Оқитын дос іздеймін» жобасы үшін Н.Байғанин атын. Ақтөбе ОБК кітапханшысы А.Асылханова;
  • «Наш край» жобасы үшін Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайын ауданының Смирново ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Калимбетова.

Жеңімпаздар («Бас жүлде», 1,2,3 дәрежелі диплом иегерлерін) 18 қыркүйекте облыстық кітапхананың 90-жылдығына арналған «Қарағанды09: еркін диалог аумағы» халықаралық OpenTalk іс-шарасы аясында марапатталады.

Қатысушылардың арнайы дипломдары мен қатысушыларға арналған Алғыс хаттар байқауға қатысуға жолданған өтінімде көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі.

 Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз, жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз!