Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
Ақпараттық шақыру хат
2024 жылғы 18-19 қыркүйекте Қарағанды қаласында Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 90 жылдық мерейтойына арналған «Қарағанды09: еркін диалог аймағы» халықаралық OpenTalk өтеді.
Халықаралық Opentalk ұйымдастырушылары:Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы,
Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.
Мақсаты:
- Өңірлік кітапхана жүйесінің дамуына жәрдемдесу, кітапхананың әлеуметтік-мәдени және ақпараттық орталық ретінде қалыптасуы;
- Кітапхана үдерістерін жаңғыртудағы облыстық кітапханалардың орнын анықтау;
- Мәдени және зияткерлік құндылықтарға қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға жәрдемдесу.
- Креативті кітапханалық тәжірибені дамыту.
Халықаралық OpenTalk спикерлері мен модераторларының қатарында - Қазақстанның Ұлттық кітапханаларының басшылары, Жастарға арналған Ресей мемлекеттік кітапханасының директоры, Ресей кітапхана қауымдастығының (РКҚ) жастарға кітапханалық қызмет көрсету секциясының вице-президенті және төрағасы, Халықаралық кітапхана қауымдастықтары Федерациясының (ИФЛА) балалар мен жасөспірімдер кітапханалары секциясының тұрақты комитетіндегі Ресей өкілі Михнова Ирина Борисовна, Ресей ұлттық кітапханасының библиография және өлкетану бөлімінің аға ғылыми қызметкері, Ресей кітапхана қауымдастығының «Қазіргі кітапханалардағы өлкетану» секциясының төрағасы Балацкая Надежда Михайловна, Сүлеймания қолжазбалар кітапханасы директорының орынбасары, Түрік қолжазбалар қауымдастығының президенті Хусейн Кутан мырза, А. С. Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік ғылыми кітапханасының директоры, Омбы облысының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ремизов Александр Викторович, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғылыми кітапханасының директорының орынбасары, Қазақстанның жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының жанындағы нормативтік құжаттама комитетінің төрағасы, Азия және Океания елдеріндегі халықаралық кітапхана қауымдастықтар мен мекемелер (ИФЛА) федерациясының өңірлік комитетінің мүшесі Лапо Петр Михайлович, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы директорының орынбасары Жолдыбалинов Нұржан Нұрланұлы және т. б.
Қатысушылар: Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханаларының директорлары мен мамандары, Ресей, Түркия кітапханаларының өкілдері, Қазақстанның облыстық әмбебап кітапханаларының, облыстық жасөспірімдер кітапханаларының, облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханаларының басшылары мен жетекші мамандары, Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары мен жетекші мамандары, Қарағанды облысының ОКЖ басшылары мен жетекші мамандары және Қарағанды облысының мұражайлары мен архивтерінің жетекші мамандары.
Іс-шараны өткізу орны:
Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйі, Шахтеров даңғылы, 64.
Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.
Құрметті әріптестер мен қонақтар!
Сіздерді Н. В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 90 жылдығына арналған " арналған «Қарағанды09: еркін диалог аймағы» халықаралық OpenTalk жұмысына қатысуға шақырамыз.
Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 90 жылдығына арналған «Қарағанды09: еркін диалог аймағы» Халықаралық OpenTalk БАҒДАРЛАМАСЫ
Халықаралық OpenTalk бағдарламасымен сіздер «Бізге-90!» мерейтойлық парақшасында 19 тамыздан кейін таныса аласыздар.
«Қарағанды09: еркін диалог аймағы» халықаралық OpenTalk» материалдарын жинаққа жариялау және Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒК-ның ресми сайтында орналастыру жоспарлануда.«Қарағанды09: еркін диалог аймағы» халықаралық OpenTalk жұмысына қатысуыңызды растауыңызды сұраймыз. Кездесуді ұйымдастыру үшін Қарағандыға келіп-кету мерзімін (келу уақыты мен кету уақыты) міндетті түрде көрсетіңіз.
Біз Сіздермен Қарағандыда қауышуға қуаныштымыз!
Қосымша ақпарат: Келу мерзімі 2024 ж. 17 қыркүйек күні.
*Келу күні мен уақытын, пойыз бен вагонның нөмірін хабарлауды өтінеміз.
Қатысу шарттары: Іссапар шығындары (жол, қонақ үй, тәулік шығындары) жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады.
Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті
Байланыс:
Умбединова Гаухар Нұрланқызы
Тел. +77719823523
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.