Конституция күнін мерекелеу қазақстандықтар үшін - Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды күн. 1995 жылғы 30 тамызда сол айтулы күні өткен жалпыұлттық референдумда, Қазақстан халқы жаңа Конституцияның жобасын мақұлдап, оны қазақстандықтардың көпшілігі бекіткен Республиканың Негізгі Заңы қабылданды. Бұл оқиға Қазақстанның тәуелсіз мемлекет құру жолындағы шешуші сәттерінің бірі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған үндеуінде - «Конституция – біздің Тәуелсіздігіміздің сенімді кепілі»,- деп нақты айтып  өтті.  

Бұл мереке ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі болып табылады, өйткені ол Қазақстан халқының еркін, оның елді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруға деген ұмтылысын көрсетеді. (Қазақстан Конституциясының 1-бабы).

Міне, осы мереке қарсаңында кітапхананың оқу залдары бөлімінде «Ата Заң – мемлекеттіктің негізі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрме үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім ҚР Ата Заңының баптар мен тармақтары жайлы толықтай мәлімет беретін кітаптардан тұрса, екінші бөлімде ҚР Конституциясы туралы түсініктеме беретін кітаптары орналасты. Ал, үшінші бөлімді мерзімді басылым беттерінде заңның үстемдігін қамтамасыз ету жайында мақалалары қамтыды.

Көрме сөрелеріне қойылған негізгі құжаттар:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы Ғылыми-практикалық түсіндірме. Түсіндірмеде жаңа заңнама және заманауи заң теориясы ескеріле отырып, Конституция кұндылықтарының, ережелері мен нормаларының ғылыми-құқықтық мазмұны ашылған.(Астана, 2018)
  • ҚР Конституциясы. Фотоальбом. Аталған еңбекте ҚР 1995 жылғы Конституциясына енген ғылыми өзгерістерге фотосуреттермен безендіріле отыра, анықтама беріледі. (Алматы, 2010)
  • ҚР Конституциясы. Заңдар мен заңнамалық актілер енген түрлі түрлі-түсті фотосурет. (Астана, 2010)
  • Мен Қазақстан Азаматымын. Қазақ еліне деген Өлеңдер мен тілектерді осы кітаптан оқи аласыздар. (Алматы, 2011)
  • Тәуелсіздік. Демократия. Гуманизм.  Бұл кітап екі тілде Конституциялық құрылым мен мазмұнытуралы мағлұмат береді. (Алматы, 2011)

Сондай-ақ, көрмеде С.Ф. Ударцевтің «Қазақстан: 2017 жылғы конституциялық реформа» (Астана, 2018 ж.) кітабы ұсынылды. Кітапта Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларға талдау жасау, негізгі Заңның тиісті баптарының бұрынғы және жаңа редакциясындағы конституциялық нормалардың мазмұнын, сондай-ақ кейбір сабақтас мәселелерді баяндау және түсіндіру орын алған.

 Е.К. Көбеевтің «Қазақстан Республикасының Конституциясы» монографиясында қазіргі Конституцияның теориялық-құқықтық негіздері талданады, Қазақстан Республикасының Конституциясы теориясының, оның қалыптасуының ережелері қалыптасады. (Алматы, 2007 ж.).

Сонымен қатар, мерзімді басылымдар беттерінен оқырмандардың назарына, мемлекетіміздің конституциялық құқығының тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін материалдар да ұсынылады.

Қоғам қайраткері, саясаттанушы Жапсарбай Қуанышевтың Егемен Қазақстан (2021, 30 тамыз) газетінде жарық көрген «Конститутциялық процесс: саяси ерік-жігер мен табандылық» атты көлемді мақаласында - Қазақстан Республикасының Конституциясында негізгі қағидаттар ретінде қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, экономикалық даму, маңызды мемлекеттік мәселелерді демократиялық әдістермен шешу жайлы түйіндеулер нақты айқындалған. Айқын (2021, 28 тамыз) газетінде жарық көрген «Конститутция егемендігіміздің тірегі» және «Ата заң жайлы 7 дерек» атты мақалалары құқықтану және тарих тұрғысынан Конституцияның қалыптасуын, оның даму кезеңдері мен қабылдануына, онымен байланысты реформаларға және тұтастай қазақстандық қоғамға ықпал етуге әсер еткен негізгі сәттерді қарастырады.

Заң ғылымдарының докторы, профессор Балғабай Нақыпов «Заң» журналында (2020, №8) жарияланған «Ата заң – еліміздің тірегі» мақаласында -  Тәуке ханның «Жеті жарғысынан» бастау алған Ата Заңымыздың маңызы мен оған енгізілген айшықты өзгерістері жайлы баяндаған. 

«Заң және заман» (2017, 8) журналында жарық көрген «Конститутция заңдылықтың кепілі» мақаласында - Конституция заңдарының, атаулы адамның бейбіт және жасампаз өмір сүруіне жағдай жасайтыны жайлы сөз қозғалған.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халықаралық аренада танымал және құрметті ел бола алды. Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің жетістіктері бүкіл әлемде мойындалған. Еліміздің азаматтары келісімде өмір сүреді, бірлікті бағалайды, болашақ туралы ойлайды. Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы және онда айқындалған құқықтық қағидаттар біздің елімізге әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік берді, табысты даму мен өркендеуді қамтамасыз етті.

 Құрметті, Тәуелсіз елдің оқырмандары, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Біздің кітапханамыздың оқырманы болып, жаңа кітаптармен танысуға шақырамыз!

 

Оқу залдары бөлімінің кітапханашысы: Майданбекова А.Д.