23-24 маусым күндері Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Кітапхана және аймақтың мәдени кеңістігі» атты І аймақтық әдістемелік практикумы өтті. Аталмыш шара Балқаш қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана базасында өтіп, кәсіби кездесудің ерекше үлгісі болды.
Практикумның мақсаты – аймақтағы ақпараттық-библиографиялық қызметтің жағдайына талдау жасау, аймақта халыққа қызмет көрсетудің біріңғай заманауи кітапханалық-библиографиялық жүйені қалыптастыруға ықпал ету, пандемиядан кейінгі кезеңде даму векторын айқындау, кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру.
Әдістемелік парктикум open space форматында өтті.
Практикум жұмысына барлығы 30-ға жуық қалалық және аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің басшылары мен жетекші мамандары аймағымыздың әр өңірінен қатысты.
Кәсіби шара аясында «Библиотуризм: өңірдің туристік кластерін құруға кітапхананың қосқан үлесі», «Кітапханалық зертхана: барлығына қол жетімді идеялар» сынды шығармашылық алаңдар жұмыс жасап, тәжірибелік сабақтар өтті.
Алғашқы аймақтық әдістемелік Практикумды ұйымдастырушы Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК қызметкерлері баяндамалар жасап, кәсіби ерекше шаралар өткізді:
- Баяндама «Аймақтағы ақпараттық-библиографиялық қызметтің жағдайы» - Д.Б. Аманжолова, кітапхана басшысы;
- Кеңес «Аймақтық брендинг қалыптастырудағы кітапханалар» – В.И. Пак, кітапхананың ғылыми хатшысы;
Өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген кітапхана қызметкерлеріне облыс кітапханаларын дамыту бөлімінің басшысы А.К. Карашова «Қатысыңыз және жеңіңіз!»: барлығы кәсіби конкурстар туралы Кәсіби кеңес беріп; оқу залдары бөлімінің басшысы Э.К. Ярцева «Жасырын кездесу» акциясын ұйымдастырды. Ал кітапхана қызметін автоматтандыру бөлімінің жүйетехнигі Е. Абрамчук «Оқуды ілгерілетуге арналған сандық қызметтер» атты, өлкетану бөлімінің басшысы С.О. Телпекбаева«Brainstorming: өлкетану танымдық ойыны» сынды практикалық сабақтар өткізді.
Кітапханашылар облыстық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған практикалық сабақтарға белсенді қатысып, пікір алмасты. Жаңа технология мен дәстүрлі сипаттағы сабақтар әр кітапханашының көңілінен шығып, оқырмандар тарапынан үлкен қызығушылыққа әкелетініне сенім ұялатты. Бүгінгі күні кітапханамызға пайдаланушыны тартуға үлкен септігін тигізетін танымдық ойындар мен жаңашыл әдістерді әр кітапхана өзінің жұмыс қоржынына салып, мұндай жұмыс түрі ұнағаны байқалды.
2019 жылы өткен облыстық байқауда «Ең үздік қалалық кітапхана» атанған Балқаш қалалық кітапханасы бүгінде осы өңірдің кітапханаларының дамуы мен алдағы жоспарларымен Балқаш ОКЖ басшысы Б.К.Мухаметжанова бөлісті.
Оқырманды кітапханаға тартудың басты көзі – кітап қоры болып табылатыны белгілі. Кітап қорын толықтырудың жаңа формалары жайлы өз кітапханасының тәжірибесі мен жұмысы арқылы Шахтинск ОКЖ басшысы И.А. Калинина баяндады.
Ақтоғай, Бұқаржырау, Нұра, Абай, Қарқаралы аудандары мен Теміртау, Саран, Приозерск қалаларының ОКЖ қызметкерлері өлкетану қызметі мен оқырмандардың бос уақытын өткізуге ұйымдастырылатын жұмыстары жайлы айтты.
Қарқаралы аудандық кітапханасына кітапханалық брендингті дамыту қажеттілігі ескертілсе, Ақтоғай аудандық кітапханасыныңы кітапханашысы А. Мағден жаңа технологиялар арқылы тегін викториналық платформалары жайлы қызығушылықты арттырды.
Саран ОКЖ кітапханашысы Борщ О.В. кітапханада жұмыс жасайтын отбасылық клуб жайлы қызықты әңгімелей отырып, арнайы осы шараға өзімен әкелген авторлық қуыршақтарды назарға ұсынды.
23 маусымда бағдарламаға сәйкес шараға қатысушылар Балқаш қаласының А.Гайдар атындағы балалар кітапханасына және №4 «Сырлас» филиалына кәсіби тур жасап, кітапханалардың қызметімен танысты.
Практикумның 2-ші күні облыс кітапханашылары алдын-ала берілген тапсырма бойынша ерекше «КІТАПТАР ШЕҢБЕРІНДЕ» көрме-инсталляциясын ұйымдастырды. Көрме тек кітаптардан ғана емес, сонымен қатар өнер нысандары, табиғи тастар, фотосуреттермен безендірілді. Әр кітапхана оқырманың қызықтыру үшін ерекше етіп жасайтын кітаптар мен заттар арқылы қатысушылардың шынайы қызығушылығын тудырды.
Кәсіби шара Балқаш көліне катермен саяхаттаумен мәресіне жетіп, кітапханалық бірлік мен ынтымақтастықты дәлелдегендей болды.
Практикумға қатысушылар шараның маңыздылығын, облыстағы кітапхана қызметін дамытудағы өзекті мәселелер, кітапханаларды жаһандандыру, оқуды насихаттау және т.б. мәселелер аталып көрсетілген баяндамалардың жоғары деңгейін атап айтты.
Сонымен бірге, практикумға қатысушылар Қарағанды облысы кітапханалық қауымдастығына кітапханалық ақпараттық қызметтер мен өнімдердің сапасын көтерудегі міндеттерді шешу қажеттілігін, жергілікті қауымдастықтың мәдени жобаларына белсенділік танытуға, өз аймақтарындағы мәдени кластерлерді қалыптастыруға қатысу керектігін баса айтты.
Практикум соңында резолюция қабылданды.