Бүгін, 2021 жылғы 19 мамыр күні Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында кітапханамыздың өлкетану бөлімінің басшысы, кітапхана ісінің шебері Сандуғаш Орынбайқызы Телпекбаева облыстың және еліміздің кітапхана ісін дамытудағы мінсіз жұмысы, кітапхана саласын жетілдірудегі қосқан үлесі және инновациялық жұмысы үшін Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы сыйлығының «Үздік кітапханашы» номинациясының иегері атанды.

Кез-келген адам өміріндегі мұндай сәт жүрек толқытар және есте қаларлық, осы деңгейдегі марапаттар жоғары кәсібилікті растай отыра, жеке тұлға ретінде қалыптасудың көрінісін, сондай-ақ өмір жолының жемісті кезеңдерін бейнелейді.

Білікті де білгір басшы Сандуғаш Орынбайқызы – кәсіби маман. Аймағымыздағы кітапхана ісінің өлкетану бағытын дамытып, облыстағы қаламгерлермен тыңғылықты жұмыс атқарып жүргені кітапхана саласына да, оқырмандарға да мәлім.

Телпекбаева Сандуғаш Орынбайқызы өзінің бірінші мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімі. Бірақ ол өзінің шынайы қызмет жолын кітапханада Өлкетану саласында тапты. Кітапханада 2004 жылдан бері жұмыс істейді. Сандуғаш Орынбайқызы өлкетану библиографиясы саласындағы жаңа үрдістерді ынтамен зерттеп, оларды кітапхана өміріне енгізуімен ерекшеленеді. Пандемия кезінде ол өзін креативті қызметкер ретінде көрсетіп, көптеген онлайн іс-шаралар өткізді, өлкетану мәселелері бойынша халықаралық онлайн - конференциялар мен семинарларға қатысты.

Телпекбаева С О. - шығармашыл, білімқұмар, кітапхана ісі саласында білімге құштар адам. Ол «Крым-2013» халықаралық конференциясына, сондай-ақ басқа да республикалық конференцияларға қатысқан. Бұдан өзге, облыс кітапханашыларының үздіксіз кәсіби білім алу бағдарламасы бойынша үлкен жұмыс атқарады. Ол кітапхана жұмысына жаңа серіктестерді жергілікті жазушы, тарихшы, зерттеушілер қатарынан шеберлікпен шақыра алады, сонымен қатар жас әріптестерімен тәжірибе бөліседі.

Н. В. Гоголь атындағы кітапхана ұжымы әріптесіміздің марапатын мақтан тұтады, алдағы уақытта да шығармашылығыңызға толағай табыс тілейді!

 

Пак В. И., ғылыми хатшы