Кез келген қаланың «келбеті» оның тарихы мен архитектуралық ескерткіштерімен, құрылыстық комплекстерімен ғана емес шағын ескерткіштерімен де тартымды болады. Олардың қатарына мемориалды тақталар жатады.
Мемориалды тақта – (әдетте мәрмәрдан, граниттен жасалады) есімдерін есте қалдыру үшін немесе оқиғаға байланысты плиткаға жазылып ғимараттың қабырғасына ілінеді. Мемориалды тақтаға адамның бюсті немесе қырынан бейнеленіп астына түсініктеме жазылады. Тақта орнату үшін ол адамның қоғамдық, әлеуметтік орнына, еңбегіне байланысты рұқсат етіледі. Барлық деректер мен құжаттар арнайы тексеріледі. Әуелі қаланың деңгейінде ономастикалық комиссия – құрамында депутаттар мен өлкетанушылар және ардагерлер кеңесінің өкілдері қарайды, содан кейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберіледі.
2009 жылы Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану бөлімі «Есімдері қала тарихында» библиографиялық көрсеткіш әзірледі, онда Қарағандыдағы мемориалды тақталар туралы деректер жүйеге келтірілді.