Құрметті оқырмандар! Бөбек жанын ұғып, тілін біліп, сырласуға жаралған дарынды ақын Жақан Смақовтың туғанына биыл 90 жыл толып отыр. Осыған орай, Сіздердің назарларыңызға «Бөбек жүректі, балажан ақын» атты әдеби бейне шолуын ұсынамыз. Ақынның балаларға арналған өлеңдерін, жұмбақтарын, ертегілерін бірге оқиық!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың Жарлығымен 2018 жылы шілде айының 1-ші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып бекітілген еді. Сол жылдан бері облысымызда Ұлттық домбыра күнін тойлау бүгінге дейін жалғасын табуда. Осыған орай Кітапханамыздың Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен еліміздегі ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясын негізге ала отырып облыс төңірегіндегі қолына қазақтың қара домбырасын ұстаған өнерпаздар арасында 27-ші маусымнан 3-ші шілде аралығында  дәстүрлі үшінші «Сал домбыра, Сарыарқа» атты челленджі өтті. Челленджге Облысымыздың әр өңірінен еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін дарынды таланаттар қатысты. Атап айтқанда: Қ.Байжанов атындағы «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің күйшісі-Каримов Елжас , Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенті – Ардақұлы Нұрмұхаммед , «Мұрагер» домбырашылар ансамблі, , Қарқаралы ауданы Қасым ауылының музыка мектебінің ұстазы-Сәкен Қуат , Қарқаралы қаласының «Балалар өнер мектебі», Бүркітті ауылдық кітапханасы , Сарыобалы ауылдық кітапханасы, Егіндібұлақ ауылының моделді кітапханасының оқырмандарына алғысымыз шексіз. Бұл біздің рухани асыл құндылығымызды ұмытпағанымыз және киелі қара домбырамызға деген зор құрмет!

Толығырақ...

23-24 маусым күндері Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Кітапхана және аймақтың мәдени кеңістігі» атты І аймақтық әдістемелік практикумы өтті. Аталмыш шара Балқаш қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана базасында өтіп, кәсіби кездесудің ерекше үлгісі болды.

Практикумның мақсаты – аймақтағы ақпараттық-библиографиялық қызметтің жағдайына талдау жасау, аймақта халыққа қызмет көрсетудің біріңғай заманауи кітапханалық-библиографиялық жүйені қалыптастыруға ықпал ету, пандемиядан кейінгі кезеңде даму векторын айқындау, кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру.

Толығырақ...

2017 жыл Астанада «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің өтуімен есте қалды. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі «Болашақ энергиясы» - әлемдік қауымдастықты толғандыратын энергияның баламалы көздері секілді ең өзекті тақырыпқа арналды. Осы ауқымды көрменің ашылу күні, «қалай бастау алды?», «жетістіктері қандай?», «ел экономикасына қандай әсері бар?» деген сұрақтарға жауап алғыңыз келсе «EXPO -2017»: Қазақстан мерейі» атты бейнепрезентациясын назарларыңызға ұсынамыз!

Құрметті оқырмандар! Өнегелі өмірін шығармашылыққа арнаған ұлт қайраткері, Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, Қазақстанның еңбек ері, белгілі ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толуына орай оқырмандарға «Поэзия әлемінің дарабозы» тақырыбында бейне шолуды ұсынамыз.