Кітапханамызда 20 қазан күні Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, халық жазушысы, драматург, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан танымал тұлға Шерхан Мұртазаның  туғанына 90 жылдығына арналған жастарға мол мұрасын насихаттау мақсатында «Шерхан Мұртаза – дәуірдің шынайы суретшісі» атты тарихи - әдеби кеш өтті.

Кеш қонақтары Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы Ж.Б. Шәкәрімқызы Шерхан Мұртазаның балалық шағы, өскен ортасы, қызмет жолы, шығармашылығы, аудармалары  туралы әңгімелеп, жазушының өмір жолына, шығармаларының ерекшелігіне, қоғамдық өмірден алынған тілі көркем суреттелген  шығармалары айтылды.

 

Алайда жазушының өз өмірінен сыр шертетін «Ай мен Айша» романы Шерханның тұлғасы «Ай мен Айшада» көрінгендей, қаламгер тұлғасы мейлінше толық, жарқын және анық көрінетін туындылар өте сирек кездеседі. Мұнда оның бар өмірі, барлық жан сыры, барлық махаббаты, сезімдері, ұғым-түсініктерді, идеалдары да айқын көрініс тапқан. Мұнда Ш. Мұртаза өз тұлғасын ең толық тұжырымды, келісті мінездейтін тұсын түгелдей алған, Ұлы Отан соғысының тауқыметін  бастан өткеріп қанша қиыншылық көрсе де, еңсесі түсіп езілмей, ағынға қарсы жүзе білген Барысхан деген баланың  өмірі және сол балаға өшпестей үміт сыйлап, өмірлік шам - шырағы, қайсар қаһарманы болған анасы Айша жайында баяндалған ерекше шығармасына тоқталды.

Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының жас актері Т. Аманжолұлы өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап қазақ театрының дамуына үлес қосқан драматург - Шерхан Мұртазаның сахналанған  шығармаларын айтып  Шерхан Мұртаза пьесаларында заманның тыныс тіршілігі, қоғамның басты мәселелері, халық басындағы қайғы-қасіретті, ұлы тұлғалардың бейнесі мен əулие аналардың, қаһарман батырлардың сом тұлғасын драмалық шарттарға сай, сөз мәйегін ағызып, шынайы суреттегенін, драматургия саласындағы тағы бір күрделі туындысы қазақ драма театры сахнаға шығарған «Домалақ ана» тарихи драмасы, «Қара маржан» пьесасы, «Сталинге хаты» және «Теке бұрқақ» философиялық пластикалық - музыкалық қойылымының премьерасы көрсетілгенін айтып өтті. Көрермендерге арнап Н.Айтұлының сөзіне жазылған «Сарыарқа» әнін орындады.

Кешке көрермендер әр оқу орнынан жиылды. Айта кетер болсақ Тәттімбет атындағы өнер колледжі және  Қарағанды  Жоғары  Медициналық Интерколледжінің студенттері қатысып, кеш қонақтарына көкейлерінде жүрген сан сауалды қойып, мардымды жауаптарын алды.

Кітапханамыздың іргесінен құрылған «Жыр-жауһар» шығармашылық орталығының ақыны «Шер-ағам да өтті-ау дүниеден» атты Бақыт Беделханның арнау өлеңін оқып кештің көркін кіргізді.

«Қаһарлы сөздің қаһарманы» тақырыбында кітапхана қорындағы жазушының өнегелі өмір жолын, қаламгерлік қазынасын кеңінен танытатын кітап көрмесі көрермендер назарына ұсынылады

 

Абонемент бөлімінің басшысы: Зарубекова Ж.М.