2021 жылдың 16 маусым күні «Кітапханадағы жазғы оқу» аясында өлкетану әдебиеті бөлімі «Аңызға айналған есімдер мен киелі орындар» атты бейне квиз өткізді.
Шараның мақсаты:Ұлы Даланың тарихынан сыр шертетін киелі жерлермен жеткіншектерді таныстыру.
Еліміз тарихи ескерткіштерге бай екені белгілі. Соның бірі Жезқазғаннан солтүстіктің шығысына қарай 50 км жерде, Кеңгір өзенінің жағасын мекен еткен – Жошы хан кесенесі.
Шарада балалармен бірге Қарағанды облысы, Ұлытау ауданындағы Жошы хан кесенесіне виртуалды экскурсия жасалды.
Аты аңызға айналған тарихи тұлғалардың бірі Жошы хан туралы айтылған мағлұмат балалардың тарихқа деген қызығушылығын оятты. Шара барысында ел аузында қалған аңыз бойынша түсірілген қазақ режиссері Ә.Хайдаровтың «Ақсақ құлан» мультфильмі көрсетілді. Сонымен бірге балалар тақырып бойынша берілген тапсырмаларды орындап, аңыздан түйгендерін ортаға салды.