2012 ж. 10-желтоқсан күні Қарағанды облысының мәдениет басқармасында облыстың 114 ауылдық кітапханалары арасында өткен «Үздік ауылдық кітапхана» атты облыстық байқау қорытындысының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Ең үздік деп танылған ауылдық кітапханаларды 10 атау бойынша Қарағанды облысының мәдениет басқармасының бастығы Е.А.Абдрахманов бағалы сыйлықтармен (ноутбук) және Грамотамен марапаттады:
- «Кітапхана - жергілікті қауымдастықтың орталығы» атауы бойынша Қарқаралы ОКЖ Айнабұлақ ауылдық кітапханасы;
- «Өзгеріс жолындағы кітапхана» атауы бойынша Жезқазған ОКЖ Теректі ауылдық кітапханасы, Ұлытау ОКЖ Байқоңыр ауылдық кітапханасы, Шет ОКЖ Кеңшоқы ауылдық кітапханасы (барлығы 3 кітапхана);
- «Ұлттық дәстүрге беріктігі үшін» атауы бойынша Жаңаарқа ОКЖ Айнабұлақ ауылдық кітапханасы;
- «Табысты бастама» атауы бойынша Осакаров ОКЖ Озерное ауылдық кітапханасы;
- «Жаңа үлгідегі ауылдық кітапхана» атауы бойынша Бұқаржырау ОКЖ Ғ.Мұстафин атындағы ауылдық кітапхана;
- «Өлке тарихы – өркендеу қайнары» атауы бойынша Ақтоғай ОКЖ Қызыларай ауылдық кітапханасы;
-
БЕКІТЕМІН
-
Қарағанды облысының
-
мәдениет басқармасы
-
бастығының м.а.
-
А.К. Бекмағанбетов
-
______________________
-
«__»_______________2012 ж.
-
-
Облыстық «Ең үздік ауыл кітапханасы» байқауы
-
туралы ереже
-
1.Жалпы ережелер
-
1. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпанындағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылдың 28 қаңтарындағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында ауыл әлеуетін жақсарту басты мәселелердің бірі болып анықталды.
-
Ауыл кітапханалары бүгінде халықтың ақпараттық мәдениетін қалыптастырушы және «Электронды үкімет» қызметін насихаттаушы бірден-бір ақпараттық орын болып табылады.
-
Ауыл кітапханаларының жетістіктері мен проблемаларын анықтау мақсатында «Ең үздік ауыл кітапханасы» облыстық байқауы ұйымдастырылып отыр.
-
2. «Ең үздік ауыл кітапханасы» облыстық байқауы 2012 жылдың сәуір – тамыз айлары аралығында өткізіледі. 2012 жылдың қараша айының соңында байқау қорытындысы жарияланады. Байқау нәтижесі бойынша Қарағанды облысының ауылдық кітапханаларының рейтингісі жасалады.
-
2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
-
Ауылдың бірыңғай мәдени ақпараттық кеңістігін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау, ауыл тұрғындарының мәдени құндылықтар мен ақпараттық ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету;
-
Ауыл аймағындағы кітапханаларды сақтап қалу және олардың заман талабына сай дамуына ықпал ету;
-
Ауыл кітапханаларының қазіргі жағдайын анықтау, мониторинг жасау;
-
Ауыл кітапханаларын жаңғырту, заманауи қызмет түрлерін көрсету мақсатында кітапхана жұмысының бағытын үдемелі түрде ұйымдастыру;
-
Ауыл кітапханаларының әлеуметтік мәртебесін арттыру, ауыл кітапханашыларының кәсіби шеберліктерін жетілдіру.
-
Ауыл кітапханаларындағы шығармашылық ізденіс үстіндегі қызметкерлерді анықтау.
-
Байқау нәтижесі бойынша ауылдық кітапханалардың қызметін дамыту бойынша мониторинг жүргізу.
-
3. Байқауды өткізудің тәртібі мен шарттары
- 1. Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылады, олардың құрамын Қарағанды облысының мәдениет басқармасы бекітеді.
- 2. Байқауға ауылдық үлгілі кітапханалары мен ауылдық кітапханалар қатыса алады.
- 3. Байқаудың жеңімпазын анықтау шарттары:
-
Кітапхананың материалды-техникалық базасын талдау барысында келесідей жақтарға назар аударылады:
- Ғимараттар мен олардың жағдайы, кітапхананың ішкі көрінісі, дизайнерлік шешімдері, келушілер үшін жайлылығы;
- Ғимараттар мен олардың жағдайы, кітапхананың ішкі көрінісі, дизайнерлік шешімдері, келушілер үшін жайлылығы;
- Тіршілікті қамтамасыз ету: жылу, жарық;
- Кітапханалардағы қауіпсіздік техникасы;
- Кітапхана жиһазы (2002 жылдан бері сатып алынған жиһаз есепке алынады);
- Кітапхананың қаржылық қамтамасыз етілуі;
- Кітапхананың байланыс мүмкіндіктері, интернетке қол жеткізу;
- Кітапхананың компьютерлендірілуі.
- ә) Кітапхананың ішкі жұмысы
- Кітапхананың жұмысын талдау барысында келесідей мәселелерге назар аударылады:
- Кітапхананың негізгі бақылау көрсеткіштері және олардың орындалысы;
- Кітап оқуды қолдау және насихаттау, оқырмандармен жұмыс;
- Кітапхананың нормативті-құқықтық базасы;
- Кітапхананың анықтамалық-библиографиялық жұмысы;
- Кітапхана жұмысына инновациялық тәсілдер мен амалдарды енгізу;
- Кітапхананың көпшілік жұмысы;
- Өлкетанулық бағыттағы жұмыстары (жинақ папкалар, ауыл энциклопедиясы, жергілікті ақын-жазушылармен байланыс, ауылдың экономикалық жағдайы бойынша мәліметтер және т.б.);
- Отбасы оқуын қалыптастыру;
- Оқырмандармен (оның ішінде оқырман-балалар, оқырман-жасөспірімдер, мүмкіндігі шектеулі оқырмандар т.б.) жүргізілетін жұмыстардың деңгейі;
- Кітапханалық бағдарламалар мен жобалар.
- б) Кітапхана кадрлары
- Біліктілігі, кәсіби шеберлігі, білімін жоғарылату бойынша жұмыстары;
- Республикалық, облыстық, аудандық сайыстарға, жобаларға қатысуы және жетістіктері;
- БАҚ-пен байланыс.
- Ескерту: Бұл шарттар кесте түрінде қосымшада берілген.
4. Қорытындылау тәртібі
7. Бекітілген комиссия мүшелері белгіленген кесте бойынша баға беру мақсатында облыстың ауылдық кітапханаларына іссапармен баруы қажет.
Ескерту: Егер белгілі себептермен бармаған жағдайда, қазылар мүшесі ол кітапхана бойынша дауыс бермейді.
8. Комиссия мүшесі өз көзқарасын бағалау парақтарына ұпай беру арқылы белгілеп, қосымша пікірін жазбаша түрде береді. Ең үздік ауылдық кітапханалар рейтингісі ұйымдастыру комитетінің отырысында анықталады.
9. Рейтингі нәтижесі жалпы ұпайларды есептеу арқылы анықталады. Бірдей ұпай жинақталған жағдайда, комиссия мүшелері дауыс береді.
10. Әр ауданға бекітілген облыстық кітапхананың өкілі сол ауданның кітапханалары бойынша қорытынды анықтама жасайды.
11. Қорытындылау нәтижесінде Қарағанды облысының үлгілі ауыл кітапханаларының, ауыл кітапханаларының рейтингісі жасалып, болашақта кітапханалар жұмысына мониторинг жасау үшін пайдаланады.
Рейтинг нәтижелері Қарағанды облысы мәдениет басқармасының сайтына, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының сайтына және облыстық, аудандық БАҚ құралдарында жарыққа шығарылады.
2011 жылдың 22-24 маусым аралығында Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің қызметкерлері, инновациялық-әдістемелік жұмыстар бойынша аға кеңесшілер И.С. Иссык мен Б.Қ. Уатаева және цифрлау жөніндегі аға кеңесші Г.Ө. Мұхаметжанова Шет ауданы ОКЖ кітапханаларының жұмысын тексеру және әдістемелік көмек беру мақсатында іссапарда болып қайтты.
Шет ауданы бойынша 68 елді мекен бар, ауданның тұрғындар саны 45700-дей адам. Тұрғындар саны жылдан жылға азайып келеді, мысалы, 2004 жылы аудан тұрғындарының саны 52 мың адамдай тұрған.
Аталған барлық елді мекендердің 39 кітапханалық қызмет көрсетілмейді.
ҚР ауыл аймақтарын дамытудың 2004-2010жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауданда кітапханалық саясат бойынша бағдарлама қабылданған болатын. 2004-2010 жылдар аралығында ауданның келесі ауылдарында кітапханалар ашылған: Бұрма және Ақшоқы (2005ж), Жоғары Қайрақты (2006ж), Батық, Красная поляна, Дария (2007ж), Ортау, Ақсу, Еркінді, Қарамұрын, Төменгі Қайрақты, Әлихан, Қызылқой, Жарылғап батыр (2008ж).
2010 жылы Әлихан, Қарамұрын және Ақсу елді мекендеріндегі халық саны аз болуына байланысты осы ауылдардың кітапханалары жабылған. Жалпы, Шет ауданы тұрғындарына Мәдениет министрлігіне қарасты 30 мемлекеттік кітапхана қызмет көрсетеді (2005 жылы – 21 кітапхана).
Кітапханалар жүйесін 21 берілім пункттері мен жылжымалы кітапханалар толықтырады (дегенмен, болған кітапханалардың ішінен тек Ақжал ауылдық үлгілі кітапханасында ғана қажетті құжаттар табылды).
Ақтоғай ауданының ауылдық кітапханалары туралы анықтама
14-16 мамыр 2012ж.
Қарағанды облысының ауылдық кітапханаларының облыстық байқауы аясында Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК директоры Д.Б.Аманжолова мен кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Ф.Х.Тимершина 7 кітапханада іс-сапармен болып қайтты.
Ақтоғай ауданының аймағында 18502 мың адам тұрады, 19 мемлекеттік кітапхана бар, оның ішінде – ауылдық – 17, аудандық – 2. Үлгілі кітапхана статусына 5 кітапхана ие.
Кітапханаларды дамыту бөлімінің әдістемелік жұмыстары негізіне аналитикалық қызмет жатады. Ол, кітапханалар қызметі туралы өзгерістерді, жаңа мәліметтердің пайда болуын үздіксіз қадағалаудан тұратын, әдістемелік мониторингке негізделеді.
Облыстағы әдістемелік мониторинг объектілеріне мыналар жатады: жалпы облыс бойынша мемлекеттік кітапханалардың жылдық есеп жиынтығы (әр ОКЖ бойынша): кітапханалар торабы, оқырмандар саны мен келім саны, кітапхана қорының құрамы және оны қолдану, қалыптастыру, кітапхана қорының әрекеті және оны қолдану, техникалық құрал-жабдықтар, электрондық ресурстар, кітапханалық қызметкерлер, қаржы қаражаттарының түсімі және пайдалануы.
Қарағанды облысы кітапханаларының 2020 жылы атқарған жұмыстарына талдау.
Қарағанды облысы кітапханаларының 2018 жылы атқарған жұмыстарына талдау.
Мәтіндік есептер, кітапханалар қызметіне шолулар құрастыру аналитикалық қызметтің маңызды нәтижесіне жатады.
Қызметке шолу
- Облыс кітапханаларының құжаттар қорын қалыптастыру
- «Облыс кітапханаларында өлкетану құжаттарын цифрлау стратегиясы»
- Қарағанды облысы ОКЖ автоматтандырудың кейбір проблемалық аспектілері
- Қарағанды облысының ауылдық кітапханалары
- Шағын, орта бизнес пен кәсіпкерлікті қолдаудағы ақпараттық қызметтер
- Лицензиялық бағдарламалық жасақтама
ОКЖ, құрылымдық бөлімшелердің (бөлімдердің, филиалдардың) жұмысы туралы нақты ақпаратты алуға мүмкіндік беретін келесі маңызды әдіс - кітапханалық зерттеу.
Кітапханалық зерттеу
Шет ОКЖ кітапханаларын тексеру туралы анықтама
2012 жылы ауыл кітапханаларының мониторингі аясында кітапханаларды дамыту бөлімі облыстың 10 ОКЖ болып қайтты. 114 ауыл кітапханаларын аралады: Абай ауданы - 11, Ақтоғай ауданы -7, Бұқаржырау ауданы -18, Жаңаарқа ауданы -7, Қарқаралы ауданы -16, Нұра ауданы -17, Осакаров ауданы - 11, Ұлытау ауданы -10, Шет ауданы - 13, Жезқазған - 4 ауылдық кітапханалар.