Кітапханаларды дамыту бөлімінің әдістемелік жұмыстары негізіне аналитикалық қызмет жатады. Ол,  кітапханалар қызметі туралы өзгерістерді, жаңа мәліметтердің пайда болуын үздіксіз қадағалаудан тұратын, әдістемелік мониторингке негізделеді.

Облыстағы әдістемелік мониторинг объектілеріне мыналар жатады: жалпы облыс бойынша мемлекеттік кітапханалардың жылдық есеп жиынтығы (әр ОКЖ бойынша): кітапханалар торабы, оқырмандар саны мен келім саны, кітапхана қорының құрамы және оны қолдану, қалыптастыру, кітапхана қорының әрекеті және оны қолдану, техникалық құрал-жабдықтар, электрондық ресурстар, кітапханалық қызметкерлер, қаржы қаражаттарының түсімі және пайдалануы.

Қарағанды облысы кітапханаларының 2020 жылы атқарған жұмыстарына талдау.

Қарағанды облысы кітапханаларының 2018 жылы атқарған жұмыстарына талдау.

Мәтіндік есептер, кітапханалар қызметіне шолулар құрастыру аналитикалық қызметтің маңызды нәтижесіне жатады.

Қызметке шолу

  1. Облыс кітапханаларының құжаттар қорын қалыптастыру
  2. «Облыс кітапханаларында өлкетану құжаттарын цифрлау стратегиясы»
  3. Қарағанды облысы ОКЖ автоматтандырудың кейбір проблемалық аспектілері
  4. Қарағанды облысының ауылдық кітапханалары
  5. Шағын, орта бизнес пен кәсіпкерлікті қолдаудағы ақпараттық қызметтер
  6. Лицензиялық бағдарламалық жасақтама

ОКЖ, құрылымдық бөлімшелердің (бөлімдердің, филиалдардың) жұмысы туралы нақты ақпаратты алуға мүмкіндік беретін келесі маңызды әдіс - кітапханалық зерттеу.

Кітапханалық зерттеу

Шет ОКЖ кітапханаларын тексеру туралы анықтама

2012 жылы ауыл кітапханаларының мониторингі аясында кітапханаларды дамыту бөлімі облыстың 10 ОКЖ болып қайтты. 114 ауыл кітапханаларын аралады: Абай ауданы - 11, Ақтоғай ауданы -7, Бұқаржырау ауданы -18, Жаңаарқа ауданы -7, Қарқаралы ауданы -16, Нұра ауданы -17, Осакаров ауданы - 11, Ұлытау ауданы -10, Шет ауданы - 13, Жезқазған - 4 ауылдық кітапханалар.