Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Ақөре селолық модельді кітапханасының
Кітапханашысы Абикеева Самал Ержанқызы
Кітапхана ақпарат сақтаушы, адамдардың біліктілігін, білімділігін арттырушы мекеме болып танылады. Кітапханашылар ақпараттандырылған қоғам тәрбиелеуде үлкен рөл атқаруда.
Бұқаржырау ауданына қарасты Ақөре селолық кітапханасы тоқырау жылдары (1996-1997) жабылып, 2001 жылы қайта ашылған. 2035 кітап қоры, ескі ағаш жиһаздары бар кітапхана бүгіндері өзгерген. 2008 жылдан бастап кітапханаға модельді статус берілгелі жаңа ақпараттық технологиялар енгізілген. Компьютер (2), принтер (2): лазерлі және көп функциялы (МФУ), телефон, жаңа жиһазбен жабдықталған кітапхана қорында бүгіндері 4282 дана кітап бар, оның 1587-і қазақ тілінде. Оқырмандар саны - 365, оның ішінде балалар - 100, кітап берілімі 5425 болса, келушілер саны 3745 адам.
Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып кітапхана оқушылардың білімі мен максималды ақпараттандырылуын қамтамсыз етуде. Кітапханамыз оқушыларға, ұстаздарға, студенттерге, әкімшілік қызметкерлеріне, мекеме қызметкерлеріне, ауыл шаруашылық қожайындарына қажетті мәліметтерді ұсынып, қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді. Кітапхана жұмысында ақпараттық қорды, мерзімді басылымдар мен мультимедия қорын, заман талабына сай заманауи технологияны қолданып, ғаламтордан алынатын мәліметтерді оқырмандарға ұсынып келеміз. Ғаламтор арқылы сайттардан «Страны мира», «Қазақша үйренейік», «10000 рефератов» ақпараттық мәліметтерді оқырмандарға ұсынамыз. Мультимедия қорындағы «Тренажер вождения», «Украшение своими руками», «Все о самолетах», «Профессор Хэггинс» и «Астрономия» атты CD дискілер оқырман сұранысына ие.
Өлкетану тақырыбы, өлке тарихы, өлкенің экономикалық - әлеуметтік дамуы жайындағы құжаттар жоғары сұранысқа ие. Электрондық каталогта 250 библиографиялық жазба тіркелген, өлкетану бойынша - 150. Осы орайда «Өлкетану бұрышы» ұйымдастырылған, «История села в фотографиях», «Культурная жизнь села», «Ақөре кітапханасының тарихы», «Біздің ауған соғысына қатысушылар» атты папка, буклет, жаднамалар жасаудамыз.
Оқырмандар «СИН» электрондық оқулық бойынша компьютерлік сауаттылықтарын арттырып, Интернетті тиімді пайдаланады. «Білгенге маржанда» www.kazneb.kz, www.ustaz.kz сайттар жайында айтылып, жаднамалар таратылып, практикалық жұмыстар жасалды. Жастармен «Ғаламтор дегеніміз не?» викторинасы өтіп, электронды шолу өтті, оқырмандар сайттарға кіріп, тіркеліп, мәлімет алуды үйренді.
Кітапханамыз «Электронды үкімет» www.e.gov.kz насихаттап, ақпараттық қоғамды толық қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосуда. Оқырмандарымыздың бір бөлігі ауылшаруашылық қожайындары www.e.gov.kz арқылы қаржылық және заң операцияларын үкіметтік порталдар арқылы жүзеге асыру жолымен танысты. Осы орайда шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» - www.fund-damu.kz тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге қатысқан кәсіпкерлер «Өз ісіңді қалай бастау керек?» порталындағы «Құқықтық мәртебе», «Фирманы тіркеу», «Банк шоты», «Салық салу жүйелерінен» ақпараттар алып, «Бизнес кеңесші» курсы бойынша «Бизнес жоспар үлгілері», «Кредит алуға қажетті құжаттар» сияқты мәліметтермен танысты.
Сонымен қатар ұстаз, зейнеткер, әкімшілік, мекеме қызметкерлері, мамандар, кәсіпкерлермен Интернеттегі түрлі сайттарды қолданып, «Мамандар күні», «Ақпарат күндерін» жиі ұйымдастырып тұрамыз. Салауатты өмір салтын насихаттауда оқырмандарға ғаламтордағы «СПИД болезнь ХХІ века», «Вредные привычки не приветствуются», «Паразиты», «Чистая среда обитания», «Когда девочка взрослеет», «Табакокурение вредит вашему здоровью» бейнефильмдер көрсеттік.
Кітапханамыз үй-үйге барып та қызмет көрсетіп келеді. Өздігімен жүріп-тұра алмайтын оқырмандарымыз С.Альдибекова, В.Горкуша, мүгедек бала Д.Ибраевалардың сұраныстарын Интернет арқылы мәліметтермен толықтырып, ақпараттандырып келеміз.
Кітапханада оқырман қызығушылығын арттыратын «Асыл әжелер», «Сұлулар», «Сырсандық» қызығушылық клубтарымен қоса «Ғажайыпстан», «Өнерлі өрендер», «Компрамышка» атты үйірмелер жұмыс істейді.
Жаңа ақпараттық технологияларды тиімді қолданамыз. «Ж.Бектұровтың 100 жылдығына» арналған шығармашылық кеште Ж.Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасындағы өзіміз түсірген жазушының музейімен таныстыратын бейнежазба (видео) арқылы электрондық экскурсия ұйымдастырып, оқырмандарды кітапхана сайтымен таныстырдық. Сондай-ақ жазғы сауықтыру лагерінің балаларымен Қарағандыға саяхатқа шығып, саяхатты бейнежазбаға жазып, «Мәлімет беру сағатында» оқырмандар назарына ұсындық.
Оқырмандардың экологиялық сауаттылығын арттыруда 2010 жылдан бері өткізілетін «Аялдама ауыл айнасы» атты акциядағы «Ауыл экологиясы бізді ойландырады» дөңгелек үстелде жастарға «Таза экология – дені сау ұрпақ» атты слайд көрсетілді. Интернеттегі «Экология – Уикипедия. Қазақша ашық энциклопедия» kk.wikipedia.org/wiki, «Экология туралы не білеміз», «Экология, экология мәселесі» сайттарынан экологиялық ақпараттар алып, «Қоршаған ортаны қорғау, Экология - Рефераты на казахском» www.temakosan.net сайтынан қазақша дайын рефераттарды оқушыларға ұсындық.
Кітапхана жұмысын дамытуда біліктілік арттыру басты назарда. Аудандық әдістемелік бөлім ауылдық кітапханаларға көп көмек көрсетеді. Жыл сайын облыстық, аудандық кітапханалардың әдістемелік бөлімдері ұйымдастыратын семинар, конференция, практикумдарға қатысып, білім жетілдіреміз. 2011 жылы «СД форматындағы өлке» атты аудандық байқауға қатысып, «Publisher» бағдарламасы бойынша CD құрастырдық.
Оқырмандардың рухы бай, жаны жайсаң, түйсігі мол, жан – жақты болуында кітапхананың алатын орны ерекше дегім келеді.