Кітапханаларды компьютерлеу саласының айтарлықтай динамикасы Ж.К.Шаймұханбетованың басшылығымен (қазір ҚР ҰАК бас директоры) және «Ауылды қолдау» Мемлекеттік бағдарламасы аясындағы Қарағанды облысының мәдениет басқармасының қолдауы арқасында облысымызда «Үлгілі ауыл кітапханасы» жобасы жүзеге асырыла бастаған 2004 жылдан байқалған болатын. Бұл жобаны облыстық әкімшілік те қолдаған еді. Бюджет 24 млн. теңгені құрады, бұл қаржы 29 үлгілі кітапхананы ашуға мүмкіндік берді.
Осы жылдарда компьютерлік парк артты - 303, 01.01.2007 жылы 596 құрады. Осы бағдарлама аясында үлгілі кітапханалар тек компьютерлер мен шалғай құрылғылармен, бағдарламалық қамтамасыз етумен ғана емес, автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйелермен (РАБИС) және т.б. толықтырылды.
Алғашқы тәжірибенің де жаңа технологияларды дамытудағы стратегиялық бағыттарды анықтайтын кезі келді. Алдағы уақыттағы «2006-2008жж. Қарағанды облысының кітапханаларын ақпараттандыру»,«2008-2011жж. Қарағанды облысының мемлекеттік кітапханаларын жаңғырту» және т.б. бағдарламалар осыған бағытталған болатын.
Осы бағдарламалар аясында 2006-2008жж. облыс кітапханаларын дербес компьютермен толықтыру кезеңі – 731 құрады.