2012 ж. 10-желтоқсан күні Қарағанды облысының мәдениет басқармасында облыстың 114 ауылдық кітапханалары арасында өткен «Үздік ауылдық кітапхана» атты облыстық байқау қорытындысының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Ең үздік деп танылған ауылдық кітапханаларды 10 атау бойынша Қарағанды облысының мәдениет басқармасының бастығы Е.А.Абдрахманов бағалы сыйлықтармен (ноутбук) және Грамотамен марапаттады: 

  • «Кітапхана - жергілікті қауымдастықтың орталығы» атауы бойынша Қарқаралы ОКЖ Айнабұлақ ауылдық кітапханасы;
  • «Өзгеріс жолындағы кітапхана» атауы бойынша Жезқазған ОКЖ Теректі ауылдық кітапханасы, Ұлытау ОКЖ Байқоңыр ауылдық кітапханасы, Шет ОКЖ Кеңшоқы ауылдық кітапханасы (барлығы 3 кітапхана);
  • «Ұлттық дәстүрге беріктігі үшін» атауы бойынша Жаңаарқа ОКЖ Айнабұлақ ауылдық кітапханасы;
  • «Табысты бастама» атауы бойынша Осакаров ОКЖ Озерное ауылдық кітапханасы;
  • «Жаңа үлгідегі ауылдық кітапхана» атауы бойынша Бұқаржырау ОКЖ Ғ.Мұстафин атындағы ауылдық кітапхана;
  • «Өлке тарихы – өркендеу қайнары» атауы бойынша Ақтоғай ОКЖ Қызыларай ауылдық кітапханасы;