Облыс кітапханаларындағы жастарға арналған іс-шаралар, клубтар мен үйірмелер туралы әдістемелік талдау

Қазіргі заман кітапханалары оқырмандарды кітап оқуға тартуда пайдалы жұмыс түрлерін қолданады. Осындай нәтижелі істердің бірі жоба қызметі. Қарағанды облысының кітапханалары да оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жобалық қызметтерді жүзеге асыруда.

Сіздердің назарларыңызға Қарағанды облысы кітапханаларының жобалық қызметіне шолу ұсынамыз

Бүгінгі таңда кітапханаға тек қана тегін ақпарат алу үшін ғана келмей, достарымен кездесуге, мәдениет пен өнердің үздік үлгілерімен танысуға мүмкіндік беретін бірден-бір мәдени мекеме болып отыр жәнеонда бос уақытты тимді, қызықты, пайдалы өткізуге барлық мүмкіндіктер жасалған.

Сіздердің назарларыңызға Қарағанды облысы кітапханаларының бос уақытты тиімді өткізу мәдени шаралырынұйымдастыру жұмысына шолу ұсынамыз

Тұрғындар арасында әлеуметтік-мәдени жұмыстарды, бос уақытты ұйымдастыру облыс кітапханаларының қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Кітапханалар жұмысының тәжірибесі көрсеткендей, кітапхана жанынан құрылған қызығушылық бойынша клубтар мен үйірмелер қала, аудан, ауыл тұрғындары үшін қарым қатынас жасаудың және бос уақытты өткізудің ең қолайлы және танымал орындары болып отыр.

Қала мен аудандарда орналасқан мәдениет үйлері мен кітапханаларда әр түрлі бағыттағы үйірмелер мен клубтар жұмыс жасайды. Бұл аталған мекемелер жұмысының негізгі бағыттарының бірі.

2009 ж. облыстың құжаттар қорын толықтыруға  94 миллион 245 мың 800 теңге бөлініп, жұмсалды. 56 миллион 895 мың 400 теңгеге кітаптар мен басылымның басқадай түрлері сатып алынды. 37 миллион 350 мың 400 теңге қаржыға мерзімді басылымдарға жазылды.

Тұтас алғанда облыс кітапханаларының және атап айтқанда, ОКЖ қорын толықтыруға 2008 ж. салыстырғанда аз қаражат бөлінді (2008 жылы - 116 514 200 теңге). Орталықтандырылған кітапханалар жүйелері 80 миллион 291 мың 800 теңгені игерді (2008 жылы – 104 332 700 теңге ). ОКЖ ішінде №1 қосымшаны қараңыз.

Қаржыландырудың азаюы, ең алдымен, жаңа кітаптарды сатып алуда байқалды. Облыс бойынша жаңа кітаптарды сатып алатын қаражат 22 268 400 теңгеге азайды (2008 жылы – 80 421 200 теңге, 2009 жылы – 56 895 400 теңге). Теміртау кітапханаларына жаңа кітаптарды сатып алуға қаражат бөлінбеген.

Толығырақ...