Электрондық ресурс Облыста 144 кітапханада РАБИС бағдарламасы орнатылған, ИРБИС – 4 «Библиотека 3.0-5.0» 14 кітапханада, КАБИС 18 кітапханада, ҚР АИС зағиптар кітапханасында орнатылған.

Жыл соңында электрондық каталог 918044 библиографиялық жазбаны құрайды. Олардың 450710 б/жазба кітап қорына және СД, мерзімді басылымдар сипаттамасының б/жазбасы 467334. Осыған орай жыл соңында 84010 жаңа б/жазба енгізілді. (2012 жылы – 834034 б/жазба).

ОКЖ бойынша ЭК 421990 б/жазбаны құрайды.

Tолығырақ ОКЖ бойынша қараңыз

Қаржыландыру және қаражатты жұмсау. Осы жылы облыс кітапханалары бюджеттен 1 миллиард 312 миллион 898 мың 900 теңге қаражат жұмсады.

Оның 71 миллион 410 мың 900 теңгесі кітапқа, 49 миллион 964 мың 600 теңгесі мерзімді басылымдарға, 23 миллион 196 мың 800 теңгесі компьютерлендіруге, 879 миллион 112 мың теңгесі кітапханашылардың еңбекақысына жұмсалды. Басқа шығындар 289 миллион, 214 мың 600 теңгені құрады.

Tолығырақ ОКЖ бойынша қараңыз

Техникалық құралдар. Облыс кітапханаларындағы компьютер паркі 1014 машинаны құрайды, оның ішінде 41 ноутбук. 1 жылда 151 компьютер сатып алынып, 82 компьютер есептен шығарылды.

304 кітапхана компьютерлендірілген. ОКЖ 818 компьютер бар.

Жыл сайын телефон орнатылған кітапханалар саны артып келеді. 2005 жылы барлығы 82 нөмір болса, 2013 жылы аяғында 343 нөмір болды. 280 кітапхана телефондандалған немесе (84.3 %).

198 кітапхана Интернетке қосылған немесе 59,6 %. Ауылдық жерде 129 кітапхана.

Толығырақ...

Кітапхана қызметкерлерінің құрамы. 2013 жыл соңында кітапханада 1573 адам жұмыс істеген. Олардың ішіндегі кітапхана қызметкерлері - 987.

470 адам жоғарғы білімді, кітапханалық білімі барлар -212.

355 адамның орта-арнаулы кітапханалық білімі бар. Педагогикалық орта біліммен 66 адам жұмыс істейді.

Tолығырақ ОКЖ бойынша қараңыз

Жалпы мәлімет. Барлық ведомстволар кітапханаларының жалпы санынан (2013 жылы - 935, 2012 жылы – 941, 2011 жылы - 952) мәдениет және ақпарат Министрлігіне қарасты кітапханалар 35,5%-ды құрайды, яғни 332 кітапхана.

Бұл 4 облыстық кітапхана: Сәтпаев қаласындағы дербес жасөспірімдер кітапханасы және 18 ОКЖ біріктірілген 327 кітапхана, нақты айтқанда 9 қалалық және 9 аудандық ОКЖ (9 ОАК, 9 ОҚК, 13 ОБК, 232 ауылдық филиалдар, 40 қалалық филиалдар, 19 балаларға арналған филиал, 3 жасөспірімдер филиалы және 2 кітапхана-клуб).

  • Облыс кітапханалары бағыт-бағдары бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
  • үлгілі кітапхана (олардың саны 97, оның ішінде 92 аудандық ОКЖ және 5 қалалық ОКЖ);
  • кітапхана-клуб (Бұқаржырау ОКЖ Үштөбе, және Доскей ауылдарының 2 үлгілі кітапхана-клубы);
  • отбасылық оқу кітапханасы (Қарағанды ОКЖ 1 кітапхана, Саран ОКЖ 3 кітапхана, Сәтпаев ОКЖ 1 кітапхана);
  • Балқаш ОКЖ «Сырлас» мемлекеттік тілді насихаттау кітапханасы;
  • экологиялық бағыттағы кітапхана (Балқаш ОКЖ)

Барлық кітапханалар бейімделген кітапханаларда орналасқан. Шахтинск қалалық орталық кітапханасы типтік ғимаратта орналасқан.

Күрделі жөндеу жұмыстары 3 ОАК ( Жаңаарқа, Шет, Қарқаралы) және Теміртау ОҚК; Шет ОКЖ ОБК , 11 ауылдық филиал (Жаңаарқа ауданының Түгіскен ауыл кітапханасы, Ақтоғай ауданындағы , Нұркен, Сарытерек, Шабанбай ауылдарының кітапханалары мен Шашубай кентінің кітапханасы, Қарқаралы ауданының Егінді, Нүркен, Әубәкіров ауылдарының, Қарағайлы кентінің кітапханалары, Ұлытау ауданының Пионер, Қаракұм ауылдарының кітапханасы) және Саран қаласының №1 ООК қалалық кітапханасы.

Ұлытау ауданының Ақтас ауылдық кітапханасы апатты жағдайда.

Стационардан тыс қызмет көрсету түрі. Стационардан тыс кітапхана желісі 360 жылжымалы кітапханалар мен кітап берілім пунктерінен тұрады.

Tолығырақ ОКЖ бойынша қараңыз