2009 ж. облыстың құжаттар қорын толықтыруға  94 миллион 245 мың 800 теңге бөлініп, жұмсалды. 56 миллион 895 мың 400 теңгеге кітаптар мен басылымның басқадай түрлері сатып алынды. 37 миллион 350 мың 400 теңге қаржыға мерзімді басылымдарға жазылды.

Тұтас алғанда облыс кітапханаларының және атап айтқанда, ОКЖ қорын толықтыруға 2008 ж. салыстырғанда аз қаражат бөлінді (2008 жылы - 116 514 200 теңге). Орталықтандырылған кітапханалар жүйелері 80 миллион 291 мың 800 теңгені игерді (2008 жылы – 104 332 700 теңге ). ОКЖ ішінде №1 қосымшаны қараңыз.

Қаржыландырудың азаюы, ең алдымен, жаңа кітаптарды сатып алуда байқалды. Облыс бойынша жаңа кітаптарды сатып алатын қаражат 22 268 400 теңгеге азайды (2008 жылы – 80 421 200 теңге, 2009 жылы – 56 895 400 теңге). Теміртау кітапханаларына жаңа кітаптарды сатып алуға қаражат бөлінбеген.

 

Сол уақытта облыс кітапханалары мерзімді басылымдарға жазылуға 1257400 теңге көп жұмсады (2008 жылы – 36 093 000 теңге, 2009 жылы – 37 350 400 теңге). Облыс ОКЖ 32 миллион 465 мың 400 теңгеге мерзімді басылымдарға жазылған.

2009 жылдың екінші жартыжылдығында 15 миллион 601 мың 800 теңге жұмсалған, оған 8 549 басылым жиынтығына жазылған. 11 миллион 573 мың 500 теңге республикалық басылымдарға жазылған. Барлығы 6 587 жиынтық, қазақ тіліндегі басылымдар үлесі 77%  немесе 8 178 400 қаражатқа 5 112 жиынтықты құрайды.

2010 жылы 21 миллион 748 мың 600 теңгеге жазылған. Кітапханалар қазір 8 014 басылым жиынтығын алатын болды. Оның ішінде 18 миллион 354 мың 700 теңгеге 6 982 жиынтық - бұл республикалық басылымдар. 13 миллион 220 мың 400 теңге қаражатқа қазақ тіліндегі мерзімді басылымдарға жазылған. ОКЖ бойынша мерзімді басылымдарға жазылуды №2-қосымшадан  қараңыз.

Кітапханалар дәстүрлі мерзімді басылымдардан өзге «Заң» және «Параграф» деректер базасына жазылған. Абай (ОАК мен Топар кітапханасы), Бұқаржырау, Жаңаарқа, Балқаш, Қарағанды, Қаражал, Приозерск, Саран, Сәтпаев (ОҚК және балалар-жасөспірімдер кітапханасы), Теміртау, Шахтинск ОКЖ, Жезқазған қаласының С.Сейфуллин атындағы кітапханасы және облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана «Заң» деректер базасының көмегімен өз оқырмандарына қызмет көрсетіп келеді.

Есеп беру жылында облыс кітапханаларының қорына 150 473 құжат түсті, оның ішінде ОКЖ 133 845 дана. Былтырғы жылмен салыстырғанда кітапханалардағы құжаттардың жалпы түсімі 36 717 данаға төмендеген. Төмендеу білімнің барлық салалары бойынша байқалады. Облыс ОКЖ бойынша жалпы түсімнің төмендеуі 38 486 дана құжатты құрайды.

Толық мәтін