2022 жылдың қорытындысы бойынша облыс кітапханалары сандық форматқа көшірген құжаттар саны 76 331. Жалпы цифрланған беттер көлемі – 632 113 бет. Электрондық форматтағы көшірмелер көбінесе pdf форматында сақталады. Сандық форматтағы материалдардың жалпы көлемі – 303 408 МБ. 2021 жылы 8 916 құжат, 99 671 бет цифрланды.
Облыс кітапханаларының материалдық 103 сканер бар, оның ішінде 3 сканер цифрлау үрдісін ұйымдастыруға бағытталған кәсіби деңгейдегі сканерлар.
Жыл сайын облыс бойынша цифрландыру мәселелері ОКЖ жылдық есептерінде және Қарағанды облысы кітапханаларының қызметін аналитикалық талдауында көрсетіледі.
Облыс кітапханалары өлкетану құжаттарын цифрландыру, оны ЭК-пен байланыстыру, тасығыштарда көшірмелер жасау, құжаттарды сайтқа қою бойынша жұмыс жүргізуде. Аймақ туралы ақпаратты қамтитын және өлкетану материалдарын сақтайтын бұл қызмет түрі пайдаланушыларға өлкетану көздеріне еркін қол жеткізуге мүмкіндік береді.